Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Студенттермен бірге тұрдық": Жазира Байырбекова өткен өмірі жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Отандық әнші, халықтың сүйікті қыздарының біріне айналған Жазира Байырбекова өз сұлулығының сырымен бөлісті. Ол әншілердің де жасы келгенде қартаятынын, бетіне әжім түсетінін жасырмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/ zhanbolatzhazira_official
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/ zhanbolatzhazira_official: Instagram

Әнші уақыт тапшылығына байланысты фитнеске бармайтынын айтты. Ол спортпен айналыспауының себебін жалқаулықпен де байланыстырып отыр.

"Алматыда жеке салоным бар. Айына бір рет массаж бен бетіме маска жасату үшін барамын. 50-ге жақындағанда бетіме ботокс жасату ойымда болды. Алайда ол ойымнан айныдым. Соңғы кездері ботокс кесірінен қаншама адам ауруға шалдыққанын естіп, мүлде ине салдырмаймын деп шештім. Әрине, оған мәжбүр болмасақ екен.
"Кез келген адам қартаяды. Ол табиғаттың заңдылығы. Ең бастысы, қартаюдан қорықпай, көңіл көтеріңкі болып жүрсе, бәрі орнымен болады. Жетпіс-сенсенге келгенде бетіміз теп-тегіс, әжім болмай тұрса, қорқынышты деп ойлаймын. Әжім деген жас келгенде болу керек. Ал біздің тыңдармандарымыз кішкене әжім түссе, "әжім түсіп кетіпті, қартайып кетіпсіз" дейді.
Тыңдармандар да әншілердің адам екенін түсінуі керек. Бетіне ботокс жасаған құрбыларыма, "бетіңнің бәрі ботокс" деп жазады. Әжім түссе, қартайып кетіпсің дейді. Сонда не істеу керек? Сондықтан мен аздаған әжіммен жүре беремін", - дейді әнші.

Халықтан түсіністікпен қарауды сұраған өнер иесі отбасы жайлы да сыр шертті. Әнші жұбайымен ата-енесінің қолынан енші алып шыққан соң да студенттермен бірге тұрғанын айтып, ағынан жарылды.

"Ата-енемнің қолынан бөлек шықсақ та, өзіміз ғана тұрған емеспіз. Пәтер жалдап тұрғанда да жанымызда студенттер болды. Бір бөлмелі пәтер сатып алған кезде де студенттермен бірге тұрдық. Біз сол өмірге үйреніп қалғанбыз. Туыстарымыз да соған үйренген. Бір туысымыздың баласы үйімізде тұрып, оқыды. Енді екіншісінің баласы келеді. Болашақта келін алып, немерелеріміз көбейіп жатса немесе өзіміз көбейіп жатсақ, сол кезде өзіміз ғана тұратын шығармыз", - дейді әнші

Өткен жылы қызды болған Жазира Байырбекова Дара есімді сәбиі жайлы да сөз қозғауды ұмытқан жоқ.

"Сәбиіміздің жағдайы жақсы, күнде бір қылық шығарады. Далаға күн шығып, ауа райы жылы болып тұрған кезде шығарамыз. Көктем келіп, күн жылыған соң бассейнге апарып тұрсақ деп отырмыз. Нақты ұйықтайтын, оянатын графигі жоқ. Қатып қалған қағидамен өзіміз де өмір сүріп жүрген жоқпыз. Еркін өмір сүрсе дейміз", - деді ол.

Айта кетейік, Лидия Каденова киноға шақырмайтын отандық режиссерларға өкпесін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843570-studenttermen-birge-trdyk-zazira-bajyrbekova-tken-miri-zajly-syr-sertti/

pixel