Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда KFC-ді тонаған азаматтар видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Ақтау қаласында KFC-дің касса аппаратын тонаған азаматтар видеоға түсіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан кадр: Lada.kz
Видеодан кадр: Lada.kz: Facebook

Оқиға 1 наурыз күні "Аққала Мол" сауда-ойын-сауық орталығында шамамен таңғы сағат 05:00-те таспаға түсіп қалған. Осылайша, KFC жылдам тамақтану мейрамханасындағы ұрлықтың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Бейнероликте қарақшы мен оның сыбайласы пластик терезіне ашқаны, артынша олардың бірі терезеден мейрамханаға кіргені байқалады. Касса аппаратын шығарған соң олар көзден таса болады.

Басылым тілшілеріне KFC жылдам тамақтану мейрамханасынан пікір алу мүмкін болмапты.

Енді Lada.kz Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен ресми пікір күтуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгісіз ер адамның белгілі банк бөлімшелерінің біріндегі банкоматты жарып жібергені хабарланған.

Күдіктінің әрекетін бейнебақылау камерасы тіркеген. Ер адам ойын іске асыру үшін гелийге толы шарларды пайдаланыпты.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары өзгенің мүлкін қасақана зақымдады деген күдікпен 1995 жылы туған жас жігітті ұстады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1843535-aktauda-kfc-di-tonagan-azamattar-videoga-tsip-kaldy/

pixel