Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хайп үшін коронавирус жұқтырғысы келген журналист осы дерттен көз жұмды

Опубликовано:

Иранда хайп үшін коронавируспен ауырғысы келген қазіргі биліктің қолдаушысы, журналист Хамед Джалали Кашани қауіпті инфекциядан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Иранда хайп үшін коронавируспен ауырғысы келген журналист вирустан қайтыс болды
Көрнекі фото: Getty Images / Anadolu Agency: Facebook

Ақпараттарға сүйенсек, Кашани 28 ақпанда коронавирустың асқынуынан көз жұмған.

Бұған дейін ол 21 ақпанда Twitter парақшасында өзінен тұмау анықталғанын айтып, жазба қалдырған. Тіпті ол хайп үшін коронавирус жұқтыруға қарсы еместігін де білдірген.

"Міне, ауруханаға тұмаумен түстім. Мұның коронавирус болғанын қалар едім. Күліп, хайп жасауға болатын еді", - деп жазды журналист.

Оның алдында Кашани "Иранда вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр деген қауесет - парламент сайлауына қатысушыларды азайту үшін саясаткерлердің шығарғаны" деп әлеуметтік желіде жазба қалдырған.

Марқұм журналист әлеуметтік желіге соңғы рет 22 ақпанда кірген.

Еске сала кетсек, коронавирусқа байланысты Иран азаматтарына Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тідеуберді мәлім етті. Иранда мыңнан астам адам инфекция жұқтырып алған.

Аталған мемлекетті денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша қолайсыз елдердің қатарына қосқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843484-iranda-hajp-sin-koronavirus-zktyrgysy-kelgen-zurnalist-kajtys-boldy/

pixel