Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалған визаның құрбаны болған кәсіпкерді ұшақта пленкамен орап тастаған (видео)

Опубликовано:

Turkish Airlines әуекомпаниясының қызметкерлері Африканың Камерун қаласынан шыққан кәсіпкерді жалған виза жасатқаны үшін багажға арналған пленкамен орап тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Кәсіпкер жалған визасы үшін ұшақта багажға арналған пленкаға оралды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желіде пайда болған видео кадрларынан лайнер бортында жапсырмалы пленкамен оралған ер адамның жанұшыра көмек сұрап жатқанын, дәл осы сәтте әлдекімнің оның денесін қызыл жейдемен жауып тұрғанын көруге болады.

Әдетте мұндай пленка багажды тасымал кезінде зақымнан аман алып қалу үшін әуежайда қолданылады.

Белгілі болғандай Эммануэль Фоссо Сомеон Чеджу Дубайға іс сапармен бара жатқанын және келесі рейсті күту кезінде Стамбул әуежайынан сыртта серуендеп қайту үшін ғана шыққан. Алайда төлқұжаттық бақылау қызметкерлері визаның жалған екенін хабарлап, ер адамды ұстап алған.

Ал кәсіпкер болса алыс сапарларға арналған құжаттарды үнемі бір туристік агенттікте рәсімдеп жүргенін айтады. Сол себепті ол қолындағы құжаттың жалған екенін тек құрықталғанда білген.

Оның сөзінше, полиция қызметкерлері оған түрік тілінде жазылған құжаттарға қол қоюды сұраған. Ал ол құжатта не жазылғанын түсінбеген. Бұдан бөлек туристің 2400 доллар ақшасы тәркіленіп, адвокат беру жайлы сұранысы қабылданбаған.

Сонымен қатар жәбірленуші полицейлер тарапынан соққыға жығылғанын, олар аузын сулықпен жауып, үнін шығармас үшін скотч жабыстырмақ болғанын да мәлім етті .

Дегенмен ер адам дәл сол әуекомпанияның рейсімен үйіне қайтарылған. Анықталғандай, оның әріптестері де жалған құжаттардың кесірінен ұсталыпты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842735-zalgan-vizany-krbany-bolgan-ksipkerdi-sakta-plenkamen-orap-tastagan-video/

pixel