Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол нашар: Алматыда діттеген жеріне жете алмаған жедел жәрдем әлек болды

Опубликовано:

Алматыдағы Әлмерек шағын ауданында жаны қысылған науқасқа "жедел жәрдем" көлігі жолдың нашарлығынан жете алмай, әлекке түсті. Аталған елді мекенде ми батпақтан көз ашпайтын тұрғындар аяқтарына пакет киіп, жаяу жүруге мәжбүр. Көлік қозғалысына шектеу қойылған уақытта оқущылар мектепке лай кешіп барады хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Еуразия бірініш арнасы
Видеодан кадр/Еуразия бірініш арнасы: Instagram

Әлмерек елді мекеніне келген жедел жәрдем шақырған жерге кіре алмай, не кері қайта алмай батпаққа батып қалғаны белгілі болды.

Тұрғындардың айтуынша, бұндай жағдай өткен жылдан бері жалғасып келеді екен.

Ол уақытта көшелерді қазып, кәріз құбыры мен ауыз су тартылылған көрінеді. Алайда тас төселмегендіктен көшелер езіліп, көлік түгілі жаяу адам жүре алмайтын халге жеткен.

Жергілікті тұрғындар балалардың мектепке бара алмай қалатын кездері болатынын, оларға аяқ-киім шақ келмейтінін жасырған жоқ.

"Боти киеміз аяққа, мектепке ботимен барамыз. Ол жерде қайтадан ауыстыру керек. Кітаптары қаншама кітап, мысалы. Ауыстыратын аяқ-киімді де бірге алып жүру керек. Оның барлығын көтеріп барған балаға оңай емес қой мектепке дейін", - деді Әлмерек ауылының тұрғыны Әлия Бектемірова.

Жергілікті халық бұл жағдай оқушыларға ауыр болып тұрғанын сөз етті. Олар мектепке барып келгенше белуардан батпақ болады екен.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, жолда құлап, үс-ті-бастары малмандай болған оқушыларды білім ошағына кіргізбейді.

"Мектепке баламды алып келе жатырмын. Кешке жақын алып қайтатында тағы бір аяқ-киім алып келеміз, міне. Өстіп мектепке кіріп, осылай оқып жатыр ғой, міне балалар. Көрген күніміз осы боп жатыр міне", - деді елді мекен тұрғыны Қайша.

Осы мәселеге байланысты Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Болат Байділдаев пікір білдірді.

"Барлық су құбырлары тартылғаннан кейін, Құдай қаласа, келесі жылы жол жасаймыз. Жол жасағанда ол жерде оның ішіне кіретіні тротуар кіреді, сосын уличное освещение дейді ғой, көше жарықтандыру керек және жолды асфальттау. Қазіргі таңда біз оны білеміз. Қазір уақытша, осы айдан бастап, осы март айынан бастап уақытша жүруге жолдарға тас төсеп береміз", - деп сендірді ол.

Еске сала кетсек, Атырау облысында құбыр арқылы қатынауға мәжбүр тұрғындар жанайқайын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842536-zol-nasar-almatyda-dittegen-zerine-zete-almagan-zedel-zrdem-lek-boldy/

pixel