Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мансабындағы мыңыншы матчын өткізген Роналду кезекті рекордына қол жеткізді

Опубликовано:

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордына қол жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/cristiano
Фото: Instagram/cristiano: Instagram

Әлемге әйгілі футболшы Италия чемпионатының 25-ші турында кәсіби мансабындағы мыңыншы ойынын өткізді.

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы айтулы күнде СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, командасының жеңісіне үлесін қосты.

Оның бұл добы Роналдудың кезекті рекордын тіркеді.

Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Осыған дейін бұл нәтижені Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла тіркеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ливерпуль" клубының бұрынғы ойыншысы, "Бенфика" командасының түлегі Тони Силваның қазақстандық клубқа ауысқанын жазған едік.

Сонымен қатар алматылық "Қайраттың" "Хайдук" клубында өнер көрсететін 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Жайро да Сильва үшін екі жарым миллон еуро ұсынғаны хабарланған. Алайда ауысым әлі жүзеге асқан жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1842251-mansabyndagy-myynsy-matcyn-tkizgen-ronaldu-kezekti-rekordyna-kol-zetkizdi/

pixel