Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дау-дамайсыз": ең атышулы шығармалардың топтамасы

Опубликовано:

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы көздегеніне жетті! Гүлмира Әбіқай және Жазира Бегалы – қос тілшінің қолына тапсырып берген аталмыш жоба барлық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт назарын өзіне аудара білді. Аударып қана қоймай, қаралым жағынан өзге бағдарламаларды  шаң қаптырды деуге болады. Назарыңызға қаралымы миллионнан асып жығылатын ең атышулы шығарылымдарды КТК арнасы ұсынады.

дау дамайсыз
Фото: КТК: Instagram

Араққа салынған ана

Алматы облысы, Ұзынағаш аулының тұрғыны Н. Шектібаева редакцияға жан шошытарлық бейне жазба жолдады. Онда сіңілісі маскүнемдікке салынып кеткенін, оның кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы қараусыз қалғанын, 8 жасар қызы сабаққа оқымайтыны жеткізген. Сондай-ақ, хат иесі редакциядан өзінің сіңілісін мәжбүрлі түрде алькогольдік тәуелділіктен емдеуге қол ұшын созуын сұрады. Журналист Гүлмира Әбіқай қоғам дертіне бей-жай қарамай, үш баланың анасына көмекке аттанды.

Туған қызына пышақ сұққан

Кейіпкеріміз Меруерт алты баланың анасы. Жетіншісіне аяғы ауыр.

Отбасымен Жәркенттен Алматыны жағалап келгелі бесінші жыл. Өзі сынды сырттан келген қазағы көп қала шетіндегі «Шаңырақ» ықшам ауданында пәтер жалдап тұрады. Енді ол үйден де безіп далада жүр. Бір оқиға бір оқиғадан сорақы. Алматыда төбе шашты тік тұрғызатын оқиға. Маскүнем әке жасөспірім қызына пышақ сілтеп ол ауруханада жатыр, бұдан бөлек 11 жасар қызында ұрған. Онсыз да әйелін ұрып-соғып күн көрсетпейтін маскүнем әкеге қандай жаза бар?

Баладан безген ана

Баладан безген ана. Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны Нұрғали Тұрлыбеков редакцияға жанұшыра хабарласты. Әйелі Д. Оспанова кенжесі 5 айында кәмелеттік жасқа толмаған 4 баланы тастап басы ауған жаққа кетіп қалғанын жеткізді. Бардық, көрдік, анасыз қалған 4 балаға барынша заңдық қолдау беруге тырыстық. Виртуалды өмірдің қызығымен кеткен 4 баланың анасын таптық. Алайда, біз ұсынған көмектен бас тартты. Енді мұндай анаға кешірім жоқ! Баладан безген ана алимент төлейтін болды және ата-ана құқынан айырылды.

Қара жұмысқа жегілген қыздың тағдыры

Түркістан шаһарының тұрғыны Мөлдір Байболатова «әпкемді біреулер заңсыз ұстап отыр, құтқарыңызшы» деп көмек сұрайды. Мөлдір Ақтолқынның жалғыз әпкесі. Бірақ оның қай шаруа қожалығындағы мал бағып жүргенін ,мекен-жәйі белгісіз. Әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы күйеуге шығып, апалы-сіңлілінің өмірі күрт өзгереді. Жас келіншектің айтуынша әпкесінің өз үйіне оралуына өгей әкесі, туысқандары қарсы. Мұның себебі, 17 жасында Ақтолқын жүкті болып қалады. Мектепті аяқтамаған. Аяғын шалыс басқан бойжеткеннен туысқандары теріс айналыпты. Содан бері баратын жері қалмаған Ақтолқын мал бағып , шаруа қожалығына жұмысқа жегілген. Жалақы алмағанын және ол жерден талай қашқанын айтады. Шаруа қожалығының оның бостандығын шектеп,заңсыз ұстап отырғаны рас па? «Дау-дамайсыз» бағдарламасының журналисі Жазира Бегалы анықтауға тырысты.

дау дамайсыз
Фото: КТК: Twitter

Тастаған баласын 10 жылдан кейін тартып алмақ

Масқара! Алматы облысында көпбалалы ана ата-енесіне тастап кеткен баласын 10 жылдан кейін тартып алуға бекініп отыр. Олардың арасында дүрдараздық ушығып, ат кесісетіндей араздыққа не түрткі? Жібек Қабдолова көпбалалы ана. 2009 жылы көктемде екі перзентін ертіп, төркініне кетіп қалады. Сол жылы күзде күйеуі қайтыс болып, оның өмірі күрт өзгерді.

Апталдай азаматынан айырылған ата-енесі ұлынан қалған немерелерін көру үшін келіншектің үйіне келіп , жиі мазалайды. Оларды аяған әйел тұңғыш перзентін ата-енесіне уақытша бергенін айтады. Сөйтіп қызын ертіп, Алматыға аттанады. Жұмыс тапты ,күйеуге шықты. Қазір үш баланың анасы. 10 жылдан кейін баласын тартып алуға оны не мәжбүрледі? Бала дауын дамайсыз шешу оңай ма? Өйткені жасөспірім 14 жаста. Оның пікірі ескеріле ме?

Гүлмира Әбіқай, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі: - Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, көрермендеріміз, міне, Жаңа жыл табалдырығымыздан аттады. 2020 жыл жер бетіндегі барлық адамзатқа денсаулық, амандық, береке, әсіресе балаларға шаттық көңіл күй, мейірім тілегім келеді. Себебі, біздің бағдарламамызда көбінесе, байқасаңыздар, мейірім жетіспейді. Қатыгездік, қаскөйлік жоқ емес. Адам болып жаратылған соң, біз балаларға деген жауапкершілік, мейіріміміз болуы тиіс. Ата-анаға деген мейірім болуы керек. Сондықтан сәл, кішкене болса да, мейірімді болса екен адамдар. «Мейірім бермеген баладан қайырым күтпе» дейді. Бір-бірімізге деген көңіліміз ашық болсын. Іште өкпе, сыр, реніш жинамайық. Айналаңыздағы адамдарды жақсы көрсеңіз, оған сенемін деп айтыңыз, ертең кеш болып қалмасын. Өкінбейтіндей ғұмыр кешейік. Барлық қазақ, алты Алаштың баласы аман болсын дегім келеді. Жаңа жыл құтты болсын!
Жазира Бегалы, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі: - Жаңа жыл құтты болсын, отандастар ! Табалдырықты аттаған жыл басы – Тышқан жылынан әр адамның күткен үміті ақталып, асқақ арман-тілегі, жоспарлаған мақсаты орындалсын. Әр шаңырақтың шам-шырағы сөнбесін. Ел-жұртқа құтты, берекелі ,ырысты жыл болсын. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, толағай табысқа кенелсін! Өміріңіз дау-дамайсыз болсын!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839156-dau-damajsyz-e-atysuly-sygarmalardy-toptamasy/

pixel