Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астарлы ақиқат": ең атышулы шығармалардың топтамасы

Опубликовано:

«Астарлы ақиқат» ток-шоуы көздегеніне жетті. Аталмыш жоба барлық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт назарын өзіне аудара білді. Аударып қана қоймай, қаралым жағынан өзге ток-шоуларды шаң қаптырды деуге болады. КТК арнасы қаралымы миллионнан асып жығылатын ең атышулы шығарылымдарды ұсынады.

Астарлы ақиқат

Әкеден аулақ

Ананың аяулы алақанынан екі жыл бұрын қол үзген балалар әкесіне керек емес болып қалды. Жанат Рашинов қыздарды тастап кеткен. 6 бала өздігінен күн көріге мәжбүр. Әкелері ортаншы қызына қаладағы мешіттердің бірінде қайыр сұратып, жинаған ақшасына көңіл көтеріп жүрген.

Бағалы бала

Тойға шығып ән айтып, белгілі бір бағасын қойып, ақша тауып жүрген балалар көп бүгінде. Қонақтар мен ғаламтор қолданушылардың кейбірі құп көргенмен, енді бірі олардың ата-анасын бала еңбегін қанады деп кінәлайды. Тойларда бала әні арқылы ақша табу бүлдіршіннің өнерін тұншықтыра ма? Әлде үлкен сахнаға деген жол ма? Бүгінгі «Астарлы ақиқат» осынау ақша тапқыш балалар жөнінде.

Жас келіннің ажалы

2018 жылы тамыз айының 19 жұлдызында Жамбыл облысында 22 жастағы жас келін қайтыс болды. Бұл ажалдың арты үлкен дауға айналып отыр. Өйткені марқұмның туыстары қыздарының суйцид жасағанына түбегейлі сенбейді. Оны өлімге итермелеген кім? Енесі мен қайын сіңілісі аяуандықпен жас келінді өлтіруі мүмкін бе? Жалпы соңғы уақытта жас аналар өз-өздеріне не үшін қол жұмсайды? Күрмеуі қиын мәселенің ақ қарасын ажыратып, астарлы ақиқатын ақтарамыз!

Алып қашу ақыры

Шымкент қаласында алып қашудың құрбаны болған қыздың оқиғасы барша Қазақстандықтарды шошытып жүргені рас. БАҚ өкілдері Аружан мен оның анасының  сөздеріне сілтеме жасап ақпарат таратуда. Алайда бұл жолы Астарлы Ақиқат бағдарламасы екінші тараптыда әңгімеге тартпақ.

Жан Ізбасардың жұмбағы

Танымал актер Жан Ізбасаров жары мен мүгедек баласын тастап кетті! Экс-әйелі Назгүл Ізбасарова тағдыр тезіне түскен оларға тасжүрек әке көмек қолын созудан түбегейлі бас тартып отырғанын алға тартады. Соңғы үш жылдың ішінде ауру баланы көруге Жан құлық танытпаған. Қазір төрт жастағы Арланды актердің бұрынғы енесі бағып жатыр. Өйткені, Назгүлдің нәпәқа табу үшін жұмысқа шығуына тура келді. Бірақ, қымбат дәрі мен емге қаржы қат. Жанмен жүздесіп, бетпе-бет кездесуге қанша талпынғанмен, актер бұрынғы отбасын көрмек түгілі, естігісі келмейтін көрінеді.

Дина Төлепберген, «Астарлы ақиқат» ток-шоуының жүргізушісі: - Тапқыр тышқан тапқанын үйге әкелетін жануар. Ендеше осы Тышқан жылы үйсіздер баспаналы болсын! Істері оңға басып, тамаша табысқа кенелсін! Туған туыспен тату-тәтті тұрсын! 2020 жыл құтты болсын!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839147-astarly-akikat-e-atysuly-sygarmalardy-toptamasy/

pixel