KZ
Қазақстанда берілген лицензиямен Ресейде де жұмыс істеуге болатын болады
Новости Финансы

Қазақстанда берілген лицензиямен Ресейде де жұмыс істеуге болатын болады

Расказать Вконтакте
Қазақстанда берілген лицензиямен Ресейде де жұмыс істеуге болатын болады

Ресей, Беларус және Қазақстан 4-5 жылдың ішінде қаржы нарығының жұмысы және валюталық реттеу ережелерінің басым бөлігін бірыңғайландырмақ.

Бұл туралы бейсенбі күні брифингте РФ вице-премьері, қаржы министрі Алексей Кудрин мәлім етті, - деп хабарлайды Прайм-ТАСС.

А.Кудриннің айтуынша, РФ үкіметі президиумының отырысында Ресей, Беларус және Қазақстанның бірыңғай экономикалық кеңістігі бойынша бірқатар келісімдер мақұлданды.

Соның ішінде, валюталық саясаттағы келісілген қағидаттар жөніндегі келісім мақұлданды. "Осы нормалар, яғни капиталдың жеткіліктігі, нормативтік талаптар бірыңғайландырған жағдайда, Қазақстанда берілген лицензиямен Ресейде де жұмыс істеуге болатын кезеңге қадам басамыз", - деді А.Кудрин.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии