Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз білмейтін емдік қасиеттері көп": Танымал жазушы құйрық майдың пайдасын тізіп берді

Опубликовано:

Жазушы, тарих зерттеушісі Жәди Шәкенұлы қой құйрық майының емдік қасиеттері мен оның адам ағзасына тигізер пайдасы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Pixabay.com
Көрнекі фото: Pixabay.com: Instagram

Жазушылар одағының мүшесі алдымен құйрық майдың жасалу жолдары мен оның қандай ауруларға ем болатынына тоқталды.

"Дәрінің қалай жасалатынына тоқталайын. Сынаптың жарты бидайға тең келетін тамшысын екі үлкен қасық құйрық майда араластырып, әбден ерітеді. Мұны қазақтар "өлтіру" дейді. Бұл дәрі арқылы теміреткі, ешкі қотыр, күйдіргі, күбірткі және тағы басқа қотырлардың түрін емдеу үшін пайдаланған", - дейді ол.

Жәди Шәкенұлы құйрық май сәбидің сымбатты болып өсуіне түрткі болатынын жеткізді.

"Бұл майдың біз білетін және білмейтін емдік қасиеттері көп. Атап айтсақ, құйрық маймен бөбектің денесін сылағанда, бұл олардың дені сау, қуатты болып өсуіне ықпал еткен. Сондай-ақ, тұмау тимейді. Сондықтан бұрындары нәрестенің аузына құйрық май салған", - деді жазушы.

Тарих зерттеушісінің сөзінше, балалар мен ересектер салқын тигенде құйрық майды ыстық күйінде қасықтап ішсе, бұл адам азғасына шипасын тигізеді.

"Құдайға шүкір, 8 балам бар. Олардың тамағы ауырғанда, дәрі ішіп, жөтелі басылмай қойған кезде балаларыма құйрық майды ерітіп бере қоямын. Бұл майды ерітудің екі жолы бар. Біріншіден, құйрық майды еріткеннен кейін оны бірден пайдалануға болады. Екінші жолы да бар. Еріткеннен соң, оның үстіне су құйып, біраз қайнату керек. Сонда"піскен" құйрық май болады. Оған сарымсақ қосып, біраз суыған соң, 4-5 шай қасығын балаға беру керек. Келесі күні балаңыздың тамағының ауырғаны басылып, сырылдағаны кетеді", - дейді Жәди Шәкенұлы.

Жазушылар одағының мүшесі құйрық майды туберкулез ауруын емдеу үшін де қолданылатынын айтты.

"Құйрық майдың басты қасиеті – жұқпалы туберкулез ауруын емдеуінде. Ашытылған қымыздың ішіне құйрық майды, сәл ғана күшәла салып, араластырады. Кейін май қымызға сіңеді де, сап-сары, қою болады. Оны туберкулез, тыныс жолы ауруларын емдеу үшін ішеді. Қазақ емшілігі дәстүрінде осындай тәжірибе бар", - деді тарих зерттеушісі Жәди Шәкенұлы.

Сондай-ақ, қазақ халқы қыстың аязды күнінде бет үсімес үшін құйрық майды жаққан. Қол немесе аяқтың тілінген жеріне құйрық майдың тілімін таңып қойған. Ол жараның тезірек жазылуына септігін тигізіпті.

Сонымен қатар белгілі тележүргізуші Ерланби Дәулетияр да Instagram желісіндегі парақшасында қойдың майының ерекшелігі туралы мысал келтірді.

"Тв-дан көріп таңғалып отырмын. Əлемдегі ең танымал символдардың бірі, Париждегі Эйфель мұнарасының механизмдері қойдың майымен майланады екен. Содан болар, 1889 жылы уақытша деп салынған 324 метрлік мұнараның əлі күнге дейін тырп етпей тұрғаны", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін сыйлы адамға тартылатын бастың тісін неге қағатынын айтқан болатынбыз.

Одан бөлек, қонақтың жолына қарай тартылатын табақ түрлері туралы жаздық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836590-biz-bilmejtin-emdik-kasietteri-kp-tanymal-zazusy-kjryk-majdy-pajdasyn-tizip-berdi/

pixel