Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы тас жолда ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Ақмола облысындағы "Нұр-Сұлтан- Ерейментау- Шидерті" тас жолында 42 жастағы азаматтың денесі табылды. Марқұмды көлік қағып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай қайғылы оқиға Целиноград ауданында болғанын хабарлады. Анықталғандай, азамат көлік астына түсіп қалған. Жол-эксплуатациялық бөлім қызметкерлері марқұмды қағып кеткен автокөлік иесі жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткенін мәлімдеді.

Мәйіттің жанынан автокөлік бамперінің бөлігі табылған. Сол арқылы марқұмды Ford Focus маркалы автокөлігі қағып кетуі мүмкін екені анықталды. Оның қай жылы шыққаны мен түсі де белгілі болды.

Қаза тапқан азамат 1977 жылы туған. Оның қалтасынан ломбардтың кепілдік билеті табылды. Соның көмегімен мәйіттің тұлғасы анықталды.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 18:30-да өлімді тіркеді.

Кейіннен америкалық көліктің иесін де анықтау мүмкіндігі туды. Ford өлінде 1964 жылғы азамат отырған. Ол жеңіл көлікті басқа азаматтан жалға алған.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы жүргізушілерден жылдамдық режимін ұстануды сұрайды.

Айта кетейік, жаңа жыл түнінде елордадағы "Авиатор" саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834434-akmola-oblysyndagy-tas-zolda-er-adamny-denesi-tabyldy/

pixel