Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 60 жаңа экоавтобус пайда болды (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік астанада жаңа 60 экоавтобус пайдалануға берілді, олар жолаушылар легі ең көп бағдарлар бойынша адам тасымалдайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму даму министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму даму министрлігінің баспасөз қызметі: UGC

Индустрия және инфрақұрылымдық даму даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, автобустар Еуро-5 стандартына сәйкес келеді және олар Қазақстанда жиналған.

Жаңа қоғамдық көліктер сытылған табиғи газбен жүреді. Әрқайсының ұзындығы 18 метрді құрайды.

Жалпы, автобус 150 адамға дейін сыйдыра алады, 36 адамға арналған отыратын орындар бар.

Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму даму министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму даму министрлігінің баспасөз қызметі: UGC

Айта кетейік, биыл Тараз қаласында ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында жедел-жәрдем қызметінің жұмысын жеделдету арқылы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету қызметінің сапасын арттыру мақсатында Жамбыл облысының емдеу ұйымдарына облыстық бюджет есебінен алынған 36 санитарлық автокөліктердің және қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 58 бірлік жаңа автобустардың кілттері тапсырлған болатын.

Сонымен қатар, қазан айында Қарағандыда жаңа автобустар мен электронды билеттендіру жүйесі іске қосылды.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қалаға электронды билеттендіру жүйесін енгізетін оңтүстік кореялық "Смарт Карт" компаниясының өкілі Джейсон Ан, "DGB Холдинг" өкілі Бэ Ин Кю және "DGB U PAY" компаниясының өкілі Со Кынмен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834404-almatyda-60-zaa-ekoavtobus-pajda-boldy-foto/

pixel