Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда қазақ мейрамханасы ашылды

Опубликовано:

Тбилисиде қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Грузияда тұратын Қазақстан азаматтары бұл жаңалықты қуана қабылдап, әлеуметтік желілерде бөлісуде. Олар мейрамхана жырақта жүрген жерлестер бас қосатын орынға айналғанын айтады. Ал онда аспазшы болып грузин әйелі жұмысы істейді.

"Түрлі дәмханаларда істедім, ливандық, украиналық, грузиялық. Қазақ мейрамханасы ашылатынын естіп, осында жұмысқа орналасуға келдім. Жаңа тағамдарды танып білуді ұнатамын. Осында мені қазақ аспазшы үйретті. Бұл Грузия тағамдарынан ерекше: қой мен жылқы еті, жалпы көп мөлшерде ет пен пияз салады. Маған ұнайды.  
Мейрамхананы Қазақстаннан келген үш жас адам ашты. Ұлттық тағамдарының дәмін сағынғандықтан, осындай қадамға барғанын айтады. Грузияда кездеспейтін өнімді, мысалы жылқы етін отанынан әкеледі", -дейді аспазшы Нино Куркунули.

Ал мейрамхана иесінің сөзінше, мейрамханаға жергілікті тұрғындар да ағылып жатыр.

"Бұл дәмхананы ең алдымен Грузияда тұратын қазақтар үшін аштық. Олардан басқа жаңа тағамдарға қызыққан жергілікті тұрғындар көптеп келеді. Оларға қазақша ет пен бауырсақтар өте ұнайды. Мантыны өздерінің ұлттық тағамы - хинкалимен салыстырады. Ашылғанына екі-ақ ай өтсе де, мейрамхана табысты жұмыс істеп келеді. Ал Тәуелсіздік күнінде бұл жерде отандастарымыз бас қосты", - дейді Еркеш Баймұхамбет.

Ал Тбилиси тұрғыны Айгүл Қойшыманова қазақтардың желіде жеке тобы бар екенін айтады.

"Тбилисиде тұратын қазақтардың желіде өз тобы бар, осылай жаңа мейрамхана ашылғанын білдік. Тәуелсіздік күнінде осында кездесуді шештік. Адам көп болды, барлығы балаларын ертіп келді. Осылай мейрамды атап өттік. Болашақта да осында жиналып, өзара араласамыз деп ұйғардық. Мейрамхана әкімшілігі ұмытылып кеткен тағамдарды қайта жаңғыртып, өзіндік ас мәзірін кеңейтуді көздеп отыр", - дейді ол.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда екі жылдан бері тұратын Сәуле Қосақаева "Шырайлы Шымкент" атты дәмхана ашқан. Ғимарат маңдайшасында Шымкент қаласының таңбасы мен Қазақстан мен ТМД елдерінің тулары ілінген.

Дәмхана залында қазақтың эстрадалық музыкасы ойнап тұрады, ал дастарханға Шымкенттің кәуабы мен самсасы қойылады.

Сондай-ақ, еліміздің бас қаласы Нұр-Cұлтанда Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған ерекше мейрамхана ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834320-gruziada-kazak-mejramhanasy-asyldy/

pixel