Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында халықтың дүрлігуі туралы қауесет жоққа шығарылды

Опубликовано:

Әлеуметтік желі қолданушылары оңтүстік астананың халықаралық әуежайында адамдар көптеп шоғырланғаны және олардың дүрлігіп жатқаны туралы ақпарат таратуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған қауесетке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Facebook

Министрлік азаматтарды әлеуметтік желілердегі Алматы әуежайының кассаларында халық дүрлігіп жатыр деген жалған мәліметтерге сенбеуге шақырды.

Ведомствоның мәлімдеуінше, әуежайдағы барлық нысандар, соның ішінде кассалар да қалыпты режимде жұмыс жасауда. Жалпы, авиациялық нысандар аумағындағы жағдай уәкілетті мемлекеттік қызмет өкілдері мен басшыларының бақылауында.

Сонымен қатар, министрлік жұма күні апатқа ұшыраған рейс жолаушыларының туыстары жүктерді Майлин көшесі, 12 мекенжайындағы желілік полиция бөлімінен алуларына болатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқару кезірнде қол ұшын созған адамдарды ерекше атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы қан өткізген донорларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, бүгін Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың үйлеріне барып, көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834078-almaty-uezajynda-halykty-drligui-turaly-kaueset-zokka-sygaryldy/

pixel