Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың үйлеріне барып, көңіл айтты

Опубликовано:

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына барды. Бұл туралы қала басшысының баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook
"Ұшақ апатынан қаза болған алматылықтар – Қайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов, Валерий Ануфриевтің үйлерінде жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр", – деп жазды Instagram парақшасында Әсет Мұқажанов.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көз жұмғандардың жанұяларына көңіл айтты.

Бүгін ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті. Рүстем Есімханұлының асына оның туыстары, әріптестері мен достары келді.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Сондай-ақ Алматы әуежайы ұшақ апатының минуттық хронологиясын жариялады.

Ұшақ апаты кезінде жас жігіт аяғы ауыр әйелді денесімен жауып қалған. Келіншектің туыстары құтқарғаны үшін Темірланға және осындай ержүрек баланы өмірге әкелген ата-анасына алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834059-almaty-kimi-sak-apatynan-kaza-tapkandardy-jlerine-baryp-kil-ajtty/

pixel