Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жексенбі күні Қазақстанда жаңбыр мен қар күтіледі

Опубликовано:

29 желтоқсан, жексенбі күні Қара теңіз аумақтарынан келген циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жаууы күтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" мемлекеттік метеорология қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Бүгін кей жерлерде тұман сақталады, көктайғақ болып, жел күшейеді, боран соғады.

Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран, тұман, секундына 15-20 метрге дейін желдің күшеюі, және Қарағанды өңірінде кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде жеңіл бұрқасын соғып, тұман түсуі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі, ал Шығыс Қазақстан өңірінің Жарма ауданында секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы күтіледі. Жамбыл мен Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Алматы облысы мен Жалаңашкөл ауданында секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834041-zeksenbi-kni-kazakstanda-zabyr-men-kar-ktiledi/

pixel