Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 36 жоба мақұлданды

Опубликовано:

Ақмола облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 36 жоба мақұлданды. Бұл туралы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов мәлімдеді, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Ақмола облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 36 жоба мақұлданды

Басқарма басшысы орынбасарының ақпараты бойынша, облыста өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы базасында Жобалық кеңсе жұмыс істейді, бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінің, АӨК саласы мен қызметтердің 52 жобасынан 32,7 млрд.теңгеге "қарапайым заттар экономикасы" портфелі құрылды. 4,4 млрд теңге сомаға 16 жоба бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылды.

«Банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарауында 17,5 млрд теңге сомасына 6 жоба, жобалық кеңсенің жұмысында 7,6 млрд теңгеге 10 жоба бар», - деп хабарлады Жаслан Айдрахманов.

Ол сондай-ақ, бағдарламаның арқасында өңірде 27 түрлі жаңа өндіріс ашылып, кеңейтілгендігін айтты. Оның ішінде ет және сүт өнімдерін, зығыр майын, сұлы үлпектерін шығаратын, киім шығаратын, кеңсе және студиялық жиһаз шығаратын кәсіпорындар мен цехтар бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың басында Қазақстанда «қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы басталды. Аталған бағдарлама қазақстандықтардың күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың жергілікті өндірісін дамытуды көздейді. Негізгі міндеті - жергілікті әлеуметтік маңызы бар импорттық азық-түлік тауарларын алмастыру.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 600 млрд теңге бөлінді, оның 200 млрд теңгесі - агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға (өндіріс және қайта өңдеу), қалған 400 млрд теңгесі - өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833742-akmola-oblysynda-karapajym-zattar-ekonomikasy-zobasy-bojynsa-36-zoba-makldandy/

pixel