Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде ресейлік танымал актриса көз жұмды

Опубликовано:

Ресейлік және кеңестік театр және кино актрисасы, режиссер, "Современник" театрының көркемдік жетекшісі Галина Волчек қайтыс болды. Белгілі әртіс 86 жасында Мәскеуде көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо
Галина Волчек. Фото: www.rbc.ru: Twitter

Атақты актрисаның қайтыс болғаны туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

Бұған дейін дәрігерлердің Волчекті емдей алмайтыны туралы жария болған еді.

Басылымдардың мәліметінше, режиссер өте әлсіреп, оның қан қысымы өте төмен деңгейге дейін түсіп кеткен және өкпесіне сұйықтық жиналған.

Сонымен қатар, Галинаға алғашында қойылған диагноз - пневмония тромбоэмболиямен, яғни өкпе артериясының бітелуімен асқынған.

Ақ халаттылар желдеткіш көмегімен Волчектің өмірін сақтауға тырысыпты. Дәрігерлер оған антибиотиктер қойып, жасанды түрде қысымды бақылаған, бірақ бұл актрисаны құтқаруға көмектеспеген.

Галина Волчек - өзі 30 жыл басқарған Современник театрының негізін қалаушылардың бірі.

Ол таңғажайып актриса және керемет режиссер ретінде көрермендердің жадында қалады.

Оның ең үздік туындыларының қатарына классикалық әдебиеттің «Тік маршрут», «Үш апа» және «Шие бағы» секілді шедеврлері жатады. Волчек осы жұмыстарымен бірге АҚШ қалаларында өнер көрсетті.

Театрлық іс-шаралардан басқа, атақты актриса фильмдерге де түскен.

Өз ғұмырында Галина Борисовна «КСРО халық әртісі» құрметті атағына ие болды, «Еңбек ардагері» және «Ресей Федерациясының Еңбек Ері» атағын алған.

Оның артында күйеуі мен ұлы - режиссер Денис Евстигнеев қалды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ресейлік танымал әнші Нюша жаңа жыл қарсаңында қызын қалың көпшілікке таныстырып, алғаш рет оның түрін көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833734-mskeude-resejlik-tanymal-aktrisa-kz-zmdy/

pixel