Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда академик Әбілжан Құсайыновтың 70 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Опубликовано:

Іске асырылған 16 гранттық жоба, оның ішінде 9 өңірлік, 3 республикалық және 4 халықаралық, 320 ғылыми еңбек. Оның ішінде – 15 монография, өндіріс бойынша 20 әдістемелік ұсыныс, 1 оқулық, 4 оқу құралы, 3 инновациялық патент, импакт-факторы бар 37 мақала (халықаралық деңгей) және т.б.

Көкшетауда академик Әбілжан Құсайыновтың 70 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook

Мұның барлығы биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының және Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері 70 жасқа толған Әбілжан Құсайыновтың жетістіктері. Мерейтой иесі Ш. Уалиханов атындағы КМУ қабырғасында «Современные достижения в экологии, почвоведении и земледелии» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға белсенді қатысты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Көкшетауда академик Әбілжан Құсайыновтың 70 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook

Облыста және одан тыс жерлерде өзінің белсенді ғылыми ұстанымы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұстанымымен белгілі Әбілжан Құсайыновқа көптеген адамдардың атынан әр түрлі тілектер айтылды. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев атынан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көшекбай Біржекеев құттықтады. Сондай-ақ, облыстық және қалалық білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлерінен, Ресей қоғам қайраткерлері мен қонақтарынан, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Анатолий Карпова Соснина жемісті қызмет тіледі.

Көкшетауда академик Әбілжан Құсайыновтың 70 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook

Ғылыми іс-шара барысында ғалымның өмірі мен еңбек қызметі туралы бейнефильм көрсетілді. Университеттің бас ғимаратының екінші қабатында Әбілжан Құсаиновтың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ол 7 авторлық куәліктің, 3 инновациялық патенттің, 5 пайдалы модельдерге патенттің авторы. Әбілжан Тоқанұлының жетекшілігімен 1 PhD докторы, 7 кандидаттық және 25 магистрлік диссертация табысты қорғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833677-kksetauda-akademik-bilzan-ksajynovty-70-zyldygyna-arnalgan-gylymi-konferencia-tti/

pixel