Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін қанша кәсіпорын бар

Опубликовано:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітті, олардың бағалары жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан ерекше тексерілуде, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Нан маңызды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Егер аудандар туралы айтатын болсақ, Жарқайың ауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін 11 кәсіпорын бар. Нанның орташа бағасы бүгінде 85 теңгені құрайды. Өндірілетін өнімнің жалпы саны күніне 4 428 бөлке. Өткен жылмен салыстырғанда, бағасы 140 теңгені құраған кезде 2019 жылдың қараша айында нанның құны 110 теңгені құрады.

Сонымен қатар, қалада сауда нүктелерінде «Тайынша» формалық нанға бөлшек сауда бағасының артуы тіркелді. Өндіруші «Crumble» ЖШС. Бір бөлке бағасы 100-ден 115 теңгеге дейін. Бұл наубайхана Көкшетау қаласының нарығында 2013 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырады. Осыған байланысты «Crumble» ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің департаменті 1 сұрыпты нанның монополиялық жоғары бағасын белгілеу белгілері бойынша тергеу жүргізеді. Талдау барысында анықталғандай, бұл кәсіпорын соңғы екі жылда нанның бағасын үш рет көтерді. Өткен жылдың желтоқсан айында 80 теңгеден 90 теңгеге дейін, одан әрі 90 теңгеден 100 теңгеге дейін, 100 теңгеден 115 теңгеге дейін.

Жарқайың ауданында жақында іске қосылған қуаты тәулігіне 10 тонна ұн өндіретін кәсіпорын ауданда нан бағасының төмендеуіне қосымша серпін берді. Атап айтқанда, «Жарқайың Нан» ЖШС кәсіпорнының базасында тұрақтандыру қорын құру бойынша жұмыс жүргізілді. Жарқайың ауданының әкімі, «Жарқайың Нан» ЖШС және ауданның үш наубайханасы арасында бірінші сұрыпты ұннан нан бағасын тұрақтандыру туралы үш жақты меморандум жасалды.

Нан бағасын тұрақтандыруға келетін болсақ, қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша жұмыс тобы құрылды. Ақмола облысының жедел штабтары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының күн сайынғы мониторингін жүргізеді, әлеуметтік аңызы бар бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, сауда алаңдарын жалдау және т.б. мәселелерді талқылай отырып, жергілікті тауар өндірушілердің, сауда кәсіпорындары басшыларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізді.

«Crumble» ЖШС кәсіпорнымен қатар, «Ақсай нан-Көкшетау» ЖШС, «Көкшетау нан зауыты» ЖШС және «Көкше-нан» ЖШС сияқты наубайханалар да маңызды өнімге баға мөлшерін орнатты. Салмағы 550 грамм 1 сұрыпты нан 70, 75 және 80 теңге бағасымен сатылады.

Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап «НТК Аксай Нан-Көкшетау» ЖШС Степногорск қаласының 15 дүкенінде, Бурабай ауданының 18 дүкенінде, Біржан Сал 25 дүкенінде, Атбасар ауданының 45 дүкенінде, Зеренді ауданының 40 дүкенінде 1 сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 75 теңгеден (1 кг 136 теңге) жеткізіп, сатуды бастады. «Аксай Нан-Көкшетау ЖШС өндірісінің 1-сұрыпты ұнынан облыстың басқа өңірлерінің сауда кәсіпорындарына нан жеткізу мәселесі қарастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833616-akmola-oblysynda-nan-tokas-nimderin-ndiretin-kansa-ksiporyn-bar/

pixel