Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз емеспін": Сүйіктісі қайтыс болған ару тұрмысқа шығудан қорқып жүр

Опубликовано:

Осыдан екі жыл бұрын бір жігітпен танысып, сүйіп қосылған ару ғашығынан қапыда көз жазып қалғанын айтады. Махаббат мастығымен сүйіктісімен төсектес болып қойған ару енді тұрмысқа шығудан қорқып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Бойжеткен сүйіктісі екеуі көпке үлгі жұп болдық дейді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасына жазды.

"Содан көз тиді ме, әлде адамдар көре алмады ма, жігітімнің жолдас балалары оны пышақтап өлтіріп қойды. Қатты қиналдым. Ол "енді 18-ге толдың, үйленеміз" деп жүрген еді. Ата-анасымен де танысқанмын. Бірге жақын қарым-қатынаста болған едік, қыздығым жоқ. Жігітімнің қайтыс болғанына қатты өкінемін. "Барлығы жақсы болады" деген бақытымызды ажал әкетті",- деп қынжылды ол.

Ал қазір қайғыдан қан жұтқан қызға құда түсіп келгендер бар екен.

"Екі рет құда түсіп кетті. Ата-анам "жақсы жандар екен, тұрмысқа шық" деп жатыр. Бірақ, мен біріншіден жігітімді ұмыта алмаймын. Екіншіден, қыз емеспін. Оны өзімнен басқа ешкім білмейді. Болашағымды ойласам, күндіз-түні жылаймын. Үйге де сыймаймын, ата-анама қарауға ұялып, қиналып кеттім",- деді бойжеткен.

Айта кетейік, өгей әкесінен cезімге толы түрлі хабарламалар алып жүрген 20 жастағы қыз жан сырын ақтарды. Өз әкесін туғанынан көрмеген ол енді не істерін білмей жүр. Ал жары көз жұмған соң қайта тұрмысқа шыққан анасы туыстарымен де араласпай кетуге дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833585-kyz-emespin-sjiktisi-kajtys-bolgan-aru-trmyska-sygudan-korkyp-zr/

pixel