Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыт жоқ": Айқын бірінші некеде туған балаларына көңіл бөлмей жүр ме

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген бірінші некеде туған балаларымен қалауынша жиі көріспей жүргенін айтты. Көпбалалы әке өз перзенттеріне не себепті уақыт таба алмай жүргенін түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Белгілі болғандай, Айқынның балаларымен қауыша алмай жүргеніне әртістің жұмысы кінәлі екен.

Фильм түсіріп, түрлі шараларға қатысып, жеке шығармашылығын дамытып жатқан өнер иесі отбасы мәселесіне де барынша уақыт бөлуге тырысып жүр.

"Кездесуге уақыт жоқ. Жұмыстармен жүремін әрқашан, қасымда жүргеннен кейін өзіммен ертіп жүремін" , - деді ол үлкен ұлы Ансар туралы.

Төлепберген қандай шоу-бизнес шарасы болмасын тұңғышын үнемі қасына алып жүреді.

Перзенттерін ерелеткенімен әнші керек кезде қаталдығын да танытады. Мәселен, белгілі фильмнің премьерасына Аңсар оқулықтарын құшақтай келген.

Жұлдызды әке балаларының оқу үлгерімін үнемі қадағалап жүреді. Оған қоса, Айқын тұңғышын өнерге баулуға қатысты пікір білдірді.

"Рөлдерін жақсы сомдайды. Өзімнің кинома рөл берейін деп жатырмын. Көреміз енді. Бірақ, өнерге баулитын мақсат жоқ. Өзіне қызық болып тұр. Қасымда жүре берсін. Жүрген жерімізде сабақ оқып жүреміз" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын оңтүсті астана Алматы қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833577-uakyt-zok-ajkynny-birinsi-nekeden-tugan-balalaryna-kil-blmej-zrgeni-ras-pa/

pixel