Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетінен атқан": Талдықорғандық майордың өліміне қатысты деректер айтылды

Опубликовано:

25 желтоқсан күні Талдықорғандағы №48386 әскери бөлімшеде қызмет еткен Рүстем Жанықбаевтың өлі денесі өзі тұратын үйдің ауласынан кешқұрым табылды. Қаратал ықшамауданы тұрғындары марқұмды көріп, жедел-жәрдем шақыртқан. Алайда дәрігерлер келгенше 36 жастағы майор жан тапсырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

ааааа
Сейітхан Жанықбаев, марқұм баласы. Видеодан алынған кадр: UGC

Алайда майорды мерт қылғандардың кім екені әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары әскери қызметкерге оқ атқандарды іздеуге кірісті.

Оны белгісіз біреулер аңшы мылтығымен басынан атыпты.  

"Баламды артынан келіп атып кетіпті. Желкесіне қару тақап келіп, «Рүстем» дегенде жалт қараған. Сол сәтте бетінен атқан. Не үшін өлтірді? Білмеймін. Кімге жаманшылық жасады?", - дейді марқұмның әкесі Сейітхан Жанықбаев.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы марқұмның ешкімге «жаманшылығы болмағанын» айтады. Әсіресе әкесі ұлының тік мінезді болғанын, бірақ жан баласымен жауласпағанын алға тартты.

Десе де бұл қастандықтың қызметіне тікелей қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал полицейлер кешелі бері күдіктілерді іздестіру үстінде.

"Аталған дерекке қатысты жедел іздестіру тобы құрылды. Топтың құрамына тәжірибелі мамандар жұмылдырылды. Қазір қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Алматы облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Қаскөйлердің қолынан қаза тапқан майордың артында екі баласы қалды. Ал өзі қызмет еткен әскери бөлім басшылары бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тарты.

Еліміздің Қорғаныс министрлігі де тергеу құпиялылығына байланысты болжам айтпады. Ал облыстық полиция департаменті адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, әскери бөлім қызметкерінің өлімін Ішкі істер министрі өз бақылауына алды.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше осы қанды оқиға туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833545-betinen-atkan-taldykorgandyk-majordy-limine-katysty-derekter-ajtyldy/

pixel