Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жээнбеков: Атамбаев тағдырына мен де бейжай қарай алмаймын

Опубликовано:

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков жыл сайынғы баспасөз конференциясында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың төңірегіндегі жағдайға қатысты сауалдарға жауап берді деп жазады Centralasian.org.

Жээнбеков: Атамбаев тағдырына мен де бейжай қарай алмаймын

Мемлекет басшысы экс-президент Атамбаевтың тағдырына бейжай қарай алмайтынын айтып, бірнеше жыл бойы онымен бірге ел тағдыры үшін күрескенін еске салды.

"Президент болған уақыттан бері мен ол туралы жаман сөйлемедім. Маған халықтың ынтымағы маңызды. Олардың түрлі мәлімдемелеріне назар аудармадым, бірақ олар билікті басып алып, елді екіге бөлуге талпыныс жасамақ болды.

Ол райынан қайтар деп үміттендім. Қазір мен ештеңе шешпеймін. Жағдай өзгерді. Оны құқық қорғау органдары мен сот жүйесі шешеді.

Комиссия шешіміне пікір айтқым келмейді. Әрине, мен де алаңдаймын, күрделі жағдай", - деп мәлімдеді Жээнбеков.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп әкелу үшін арнайы операция ұйымдастырылды. Арнайы жасаққа Атамбаев жақтастары қарсы шықты. Операцияның алғашқы күні арнайы жасақ қызметкері Усенбек Ниязбеков оққа ұшты, 200-ден астам адам жараланды. Келесі күні Атамбаев өз еркімен берілді. Қазір ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу абақтысында отыр. Оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833530-zeenbekov-atambaev-tagdyryna-men-de-bejzaj-karaj-almajmyn/

pixel