Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады (фото)

Опубликовано:

Бүгін, Қызылордада қалалық оқушылар сарайында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық мерекелік шарасы өтті. Ғажайып мереке биылғы жылы "Сиқырлы Жаңа жыл" тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Depositphotos

Жаңа жылдық мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Ертеңгілік оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген ән мен бимен сүйемелденіп, "Малефисента" атты заманауы балалар ертегісіндегі кейіпкерлердің бірі Малефисента, Аврора және сиқырлы перизаттар Қызылорда қаласының сиқырлы әлеміне саяхат жасап, ақылды қаланың жетістіктеріне тамсанып, қаланың өзіне тән ерекшеліктерін бейнелеген көрініс тамашалады.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Depositphotos

Ал, балғын балалар Жаңа жылдық шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды өз өнерлерімен тамсандырды.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Шарада балаларға жаңа жылдық тарту ретінде түрлі сыйлықтар (планшет, тәттілер, жұмсақ ойыншықтар) табысталып, қала әкімі балаларға арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Шара соңында, барлық қатысушы бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татты. Осылайша, балғын балалар Жаңа 2020 жылға ерекше көңіл күймен қадам жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833493-kyzylorda-kalasyny-kimi-bldirsinderdi-zaa-zyl-merekesimen-kttyktady-foto/

pixel