Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орта Азияда теңдесі жоқ тарихи кешен Жамбыл облысында ашылды (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда «Ата-бабаларымыздың рухын туризмнің озық үлгілері арқылы дәріптеуіміз керек» деген еді. Осы тапсырманы жүзеге асыру барысында Жамбыл облысы соңғы екі жылда қайта түледі. Мәдени-рухани-тарихи нысандар бірінен соң бірі бой көтере бастады.

оооооооо

Биыл облысқа – 80 жыл. Бұл айтулы датаны жамбылдықтар жаңа форматта атап өтті.

Аста-төк той-думанмен емес, өңірдің 80 жылдығына орай 80-нен астам нысанның ел игілігіне берілуі соның көрінісі.

Оның ішінде шоқтығы биігі, тағылымы бөлек «Тектұрмас» этно-тарихи кешені. Мерейтой Орта Азияда теңдесі жоқ тарихи кешеннің ашылу салтанатымен жалғасты.

оооооооо

Бұдан соң бабалар рухына құран бағышталып, тағзым етілді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев сөз алып, Тараздың тарихи болмысын айшықтап тұрған кешеннің маңыздылығын атап өтіп, өңірдегі соңғы екі жылдағы оң өзгерістерге тоқталды.

оооооооо

Ежелгі Тараз қаласының төл тарихын толығымен бейнелейтін «Тектұрмас» этно-тарихи кешені Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының биік таулы беткейінің 24 гектар аумағын алып жатыр.

Тарихи кешен – Тараз өңіріндегі ортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсететін, түркі тарихынан сыр шертетін тарихнама ретінде әрі демалыс орны негізінде халқымыздың рухани жан-дүниесін байытып, туризмді дамыту мақсатында салынған.

Ғажайып кешен Тараз қаласының барлық кезеңдерін қамтитын бірнеше архитектуралық құрылымдардан тұрады және сан ғасыр болған тарихи оқиғалардың толық хронологиясын көруге мүмкіндік береді.

оооооооо

Тарихи кешенді тамашалау Талас өзені арқылы өтетін көпірден басталады. Көпірге кіре беріс жерде екі үлкен стела тұрғызылған: дөңгелек күн тәрізді тастың бірінші бетінде Ұлы Батыс түркі қағандарының таңбасы бейнеленсе, екінші бетінде түркі халықтарының наным-сеніміндегі тәңір құсы Самұрық құстың бейнесі көрсетілген.

Көпір аяқталатын жерінің екі жағында түркі халықтарының негізгі айбарлы белгісіне айналған биіктігі 4 метрлік, салмағы 3 тонналық ақ түсті мәрмәр тастан құйылған, түр келбеті қазба жұмыстары кезінде табылған артефакт образы бойынша жасалған екі арыстанның мүсіндік бейнесі орнатылған.

Ежелгі мифологияда аңдардың патшасы арыстан өз аумағы мен өз үйірін қорғайтын, билік пен байлықтың символы болып есептелген.

Осы жерде «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің паспорты жазылған. Бұл аумақ – киелі аумақ. Сол себепті бұл қасиетті жерде шылым шегуге, ішімдік ішуге, ластауға, қоқыс тастауға, балағат сөздерді айтуға тыйым салынатыны ескертілген.

оооооооо
  • «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің кіре берістен-ақ айбатын арттырып тұрған - «Көне Тараз» қақпасы. Шығыс стилінде салынған қақпаның биіктігі - 10 метр, ені 14 метрді құрайды.

Қақпаның екі жағында күзет тұратын биік мұнаралары бар, ортасындағы қаспеттері әр түрлі ою-өрнектермен безендірілген.

Айталық, бірінші беті «Тектұрмас этно-тарихи кешені» деген жазумен әшекейленсе, екінші бетінде «Тарих – тектіліктің белгісі» деген жазуы жазылған. Қақпаның екі шетіндегі мұнаралардың іргетасы жергілікті табиғи тастан қаланса, ал қабырғалары тау-кен жынысы – травертинмен қапталған.

Мұнаралардың алдыңғы жағында бойы 2 метр, ал салмағы 300 келі найза мен қылышпен жасақтанған сауытты екі жауынгердің мүсіндік бейнелері керемет үйлесім беріп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833464-orta-aziada-tedesi-zok-tarihi-kesen-zambyl-oblysynda-asyldy-foto/

pixel