KZ
Жыл соңына дейін барлық үлескерлер баспанаға ие болады

Жыл соңына дейін барлық үлескерлер баспанаға ие болады

Расcказать Вконтакте

Жыл соңына дейін Алматыда бірде-бір үлескер қалмайды. Барлығы тиесілі баспанасына ие болады.

Жаңа қызметке кіріскен “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаев осындай жағымды хабар жеткізді. Бүгін ол алғашқы жұмыс сапарымен үлескерлердің ең көп шоғырланған қаласы Алматыға келді. Айтуынша, осы уақытқа дейін аталмыш қордың қаржысына алып шаһардағы алаяқ құрылыс компанияларына алданған 16 мың 201 үлескердің 13 мыңға жуығы баспасына бас сұққан. Ендігі 3 мың 300 үлескер кезегін күтіп тұр. Қазір “Самұрық-Қазына” төрт бірдей тұрғын-үй кешеніне қаржы бөлген. Ұзын-сөздің қысқасы, жыл соңында Алматыда үйсіз үлескер қалмайды. Сондай-ақ біз біраз көрсеткен Амангелді Ермегияевтің “Серт” компаниясы да аяқсыз қалған құрылысты аяқтауға уәде беріпті.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel