KZ
Көкшетауда бір бөлке нанның ішінен 11 тарақан шықты

Көкшетауда бір бөлке нанның ішінен 11 тарақан шықты

Расcказать Вконтакте

Көкшетауда нан-тоқаш өнімдерін шығаратын қаладағы ең үлкен кәсіпорын төңірегінде дау шықты.

Жергілікті тұрғын осы наубайхана пісірген наннан 11 тарақан тапқан. Шағымнан кейін наубайхананы тексеруге келген СЭС мамандары өз көздеріне өздері сенбепті. Цехтағы санитарлық  талаптардың сақталмағаны былай тұрсын,  кір басқан ыдыстардың сыртында тарақандар өріп жүр екен. Осыдан кейін облыстық ауданаралық экономикалық сот кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатуға шешім шығарғанымен, ол әлі жұмыс істеп келеді.Осыдан екі апта бұрын жергілікті тұрғын дүкеннен сатып алған дәл мына бөлке нанды көріп, есінен танып қала жаздапты. Нанның сыртына жабысып қалған қап-қара нүктелер кәдімгі тарақандар болып шықты. Барлығы 11 тал. Мұндай сұмдықты бұрын соңды көрмеген тұтынушы бірден санитар дәрігерлерге шағымданған.Болат Есмағанбетов, Көкшетау қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы:- Наубайхананы тексеруге бардық. Барсақ ішінде тарақан өріп жүр. Нан пісіретін ыдыстардың барлығы жуылмаған, кір. Онсыз да ескі ғимараттың ішінде тамақ істеу мүмкін емес! Ластанып кеткен.

Жалпы кәсіпорын жұмысынан 18 түрлі заңбұзушылық табылды. Ақмола облыстық ауданаралық эконономикалық соты осыдан соң наубайхананы уақытша жабу туралы шешім шығарған болатын. Бірақ сот шешіміне қарамастан қазір қаладағы  дүкендерде “Ақсай нан”зауытының өнімдері толып тұр. Көкшетаудағы нан өнімдерінің 30 пайызын шығаратын компанияның әзірге жұмысын тоқтатын түрі жоқ. Бұл жағдай Көкшетаулық тұрғындардың да жағасын ұстатып отыр.

Нан-тоқаш өнімдерінің сан түрін пісіріп жатқан наубайхана жұмысына өзіміз де куә болдық. Цехтағы әбден ескірген кір табаларды айтпағанда, шыбын-шіркей, жыбырлаған тарақандар біздің де көзімізге шалынды. Бірақ наубайхана қызметкерлері “бұл жәндіктердің ешқандай зияны жоқ” дейді.

Нанға жабысып піскен жәндіктердің нағыз тарақан екендігін сараптама қорытындысы да растап отыр. Бірақ наубайхана иесі мұнымен келіспейді.Сәнім Секенова, наубайхана директоры:- Нандағы тарақан жөнінде мен өзім таңқалып тұрмын. Неге десеңіз пештегі 220 градус ішінде тарақан болса, нанның ішінде болады. Нанның сыртына жабысқан тарақанға  өзіміз таң қалып тұрмыз. Біз айттық ол біздің нанымыз емес. Лабораторияға беріп, сараптамадан өткізу керек. Оны доказать ету керек.Кәсіпорын иесі тіпті мемлекеттік мекемені сотқа беріп, олардан кәсіпорын имиджіне нұқсан келтіргені үшін моральдық және материалдық шығын өндірмекші.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel