KZ
Азиада чемпиондары сыйақысыз қалды

Азиада чемпиондары сыйақысыз қалды

Расcказать Вконтакте

Жетінші қысқы Азия ойындарында ел абыройын асқақтатып, алтыннан алқа таққан қазақстандық спортшылар өздеріне тиесілі сыйақыға қол жеткізе алмай келеді.

Допты хоккейден ұлттық құрамадағыларға құрлық ойындарындағы жарқын жеңісі үшін 10 000 АҚШ доллар сыйақы уәде етілген болатын. Содан бері үш ай уақыт өтсе де, атлеттерге уәделі ақша берілмеген. Ал бенди федерациясының өкілдері болса, керісінше, спортшыларға сыйақы наурыз айында төленген дегенді алға тартты. Алайда допты хоккей спортшыларына қарыз қайтарылмағандығы жайлы ақпарат отандық баспасөз беттерінде жарияланып кетті.Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген жетінші Қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама командалық есепте бірінші орынға табан тіреген еді. Бұл додада Қазақстан спортшылары 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленді. Қазақ атлеттерінің бұл ойындардағы толағай жетістігі үшін үкімет 1,3 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы беруі керек. 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel