Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы салдарынан еліміздің жолдарында бір аптада 39 адам көз жұмды

Опубликовано:

16-22 желтоқсан аралығында Қазақстан жолдарында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Солардың салдарынан 39 адам қаза тауып, 158-і түрлі жарақат алды. Ішкі істер министрлігі бұның себебін ауа райының қолайсыздығымен байланыстырып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Евгений Одиноков
Фото: Sputnik / Евгений Одиноков: Facebook

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ауа температурасының 0 градусқа дейін күрт жылынуына байланысты жолда көктайғақ пайда болған, ал қалың тұман, жаңбыр мен қар жаууы жолдағы көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде.

"Дегенмен, жол апатының санын азайту мақсатында полиция күнделікті БАҚ өкілдері арқылы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік құралын пайдалану туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Көптеген жүргізушілердің жазғы дөңгелекпен айналмалы жолдар арқылы жабық қозғалысы бар жолдың қауіпті аудандарына шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған фактілері жиі тіркелген", – деп мәлімдеді министр үкімет отырысында.

Осыған мысал ретінде ведомство басшысы Алматы облысының тас жолында орын алған ірі жол апатын келтіріп өтті. Айтуынша, MAN жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақта жолдың ортасындағы қоршауды бұзып өтіп, қарама-қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп, тас жолдың екі бетін де жауып тастаған. Соның салдарынан оқиға орнында кептеліс пайда болып, бес автокөліктің қатысуымен тағы екі жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде екі адам қаза болып, тағы екеуі дене жарақтын алды.

Жалпы, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты мыңнан астам автокөлік кептелісте қалған. Қар көшкінінен 120 автокөлік пен 900-ден астам адам құтқарылды.

Қазіргі уақытта жолдағы жағдай тұрақтандырылды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті техникалар мен адамдар жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматының Алатау ауданындағы Жаужүрек көшесінде ірі жол апаты орын алды. Жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен автобусты соққан. Жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, тағы біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833171-aua-rajy-saldarynan-elimizdi-zoldarynda-bir-aptada-39-adam-kz-zmdy/

pixel