Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жері ашылды": Жүлдеден қағылған "Азия" тобының әншісі реніш білдірді (видео)

Опубликовано:

"Опмай-опмай" хит әнін орындап, халық жүрегінен ерекше орын алған "Азия" мен "Бақай" тобы "QazaqMusicAwards" іс-шарасының ұйымдастырушыларына деген өкпе-ренішін жеткізді. Дауыс беру нәтижесі бойынша жүлдесіз қалған өнер иелері желіде шу шығарып, ашу-ызаға толы жазба жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erbol_sharipov. Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erbol_sharipov. Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бірінші болып аталмыш шараға деген наразылығын "Азия" мүшесі Ербол Шәріпов білдірген. Ол Instagram парақшасында марапаттауға қатысты бар ойын жеткізіп, дауыс беру үрдісі мүлдем әділетсіз болғанын айтты.

"Өтірік марапаттауларыңызға жол болсын! Азия Бақай #ОпмайОпмай әнін номинацияға бекер қостыңыздар. Өтірік әділетсіз іс шараларыңыздың бір жері дағарадай ашылды.

Youtube негізі жақсы көрсеткіш ол болмағанда ненің не, кімнің кім екенін білмей кетер ме едік. Қаралымы бір миллионға жетпейтін бейнебаянның жеңгеніне әбден күлдім.

"Опмай-опмай" әні жеңе алмады деп мүлде қынжылмаймын да. Халықтың бағасын әлдеқашан алып қойған, оған youtube-тегі қаралым дәлел. Келесі жолы сәл болса да шындыққа жанасатын іс-шара ұйымдастырсаңыздар деген жай ғана тілек" , - деп өкпесін білдірді Шәріпов.

Айта кетейік, бұған дейін QazaqMusicAwards жүлдесін Ерке Есмахан ұтып алғанын жазған болатынбыз. Әнші ару жүлдемен қоса берілген қомақты қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833122-bir-zeri-asyldy-zldeden-kagylgan-azia-tobyny-nsisi-renis-bildirdi-video/

pixel