Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ редакциясының фототілшісі қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

NUR.KZ фототілшісі Петр Карандашов редакциядағы жұмысы жөнінде әңгімелеп, үздік фотолар топтамасымен бөлісті.

– Мен NUR.KZ-ке 2013 жылы шығарушы редактор ретінде келдім. Менде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспагер-редактор дипломы бар, бірақ мектеп кезінен фотоға түсіруді жақсы көретінмін. Редакцияда бір ай жұмыс істегеннен кейін фотограф қызметіне орналастым. Менің компаниядағы тарихым осылай басталды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

NUR.KZ-ке енді ғана орналасқанымда 20 адамнан тұратын ұжым екі қабатты коттеджге сыйып отыратынымыз есімде. Ал қазір редакцияның өзінде 30-дан астам адам бар. Компания тек Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана емес, Қазақстанның өзге де қалаларында қызмет етеді. Зәулім кеңсеміз бар. Жұмыс істеу қызығырақ бола түсті.

NUR.KZ – өте танымал бренд және ірі бұқаралық ақпарат құралы. Мен бұл компанияда қызмет ететінімді мақтан тұтамын.

Фототілші қызметінің қиындықтары

– Редакцияның маған деген көзқарасы түзу. Жұмыс кестем икемді. Фотожурналистика саласындағы жұмыс тәжірибеме сүйене отырып, NUR.KZ-те жұмыс үшін ең қолайлы жағдай жасалғанын айта аламын. Редакция маған қамқорлық көрсетіп, үнемі техниканы жаңартып отырады. Барлығы керемет. Компания қызметкерлердің дамуына мүдделі.

Айта кететін жайт, 2018 жылы NURTV.KZ видеосервисі пайда болды. Онда редакцияның эксклюзивті видеорепортаждары жарияланады. Тілшілермен бейнематериалдар түсіремін, бұл мен үшін өте қызық. Мен бір орында тұрмай, жаңа бағытта дамып келемін. Өйткені видеоконтент біздің сайттың қолданушылары арасында үлкен танымалдыққа ие.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматыдағы өрт шыққан жерлерден фоторепортаж (2018 жыл)

– Фототілші ештеңеден тайынбайтын және өз жұмысына құмарлықпен қарайтын адам болуы керек. Оқиға орнында немесе ресми іс-шарада сасқалақтамау қажет. Барлығы секілді бірыңғай емес, эксклюзивті фото түсіру маңызды. Белгілеген нысаныңа жетіп, қажетті кадрды ұстай білу керек. Табиғи жағдайлар, адамдардың шоғырлануы, төбелес немесе полиция жиі кедергі келтіруі мүмкін. Сондай кездерде эмоцияға берілмесеңіз, жақсы фотолар түсіресіз. Барлығы да тәжірибемен келеді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға сапары (2016 және 2019 жылдар)

Эксклюзивті фотоларды ұрлау

«Бұндайға теріс көзқарастамын. Менің фотоларымды әлеуметтік желідегі қоғамдық парақшалар мен топтар жиі ұрлайды, бірақ ірі БАҚ өкілдері емес. Мұнымен күресу керектігіне сенімдімін. Мысалы, сотқа арызданып, әділеттікке қол жеткізуге болады. Фото ұрлау – бұл авторлық құқықтың өрескел бұзылуы.

Фотолар топтамасы:

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейінгі оқиғалар (2018 жыл)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматыдағы жер дауына байланысты митингілер (2016 жыл)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Жеңіс күні және батырлар (2015 және 2018 жылдар)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматыдағы теракт салдары (2016 жыл)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Бауыржан Байбек Алматы әкімі кезінде (2015, 2017, 2018 жылдар)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматы ауруханасында ағза алмастыру (2015 жыл)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматыдағы қоқыс полигонының ахуалы (2015 жыл)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматыдағы қысқы Универсиада-2017-ден әсерлі сурет

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Алматы облысындағы отбасының қорқынышты тұрмыстық жағдайы (2017 жыл)

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

NUR.KZ IT-компаниясының жаңалықтар порталына ай сайын 12 млн бірегей қолданушы кіреді. Бұдан бөлек, Rabotanur.kz жұмыс іздеу қызметі, NURTV.KZ видеосервисі және "Музыка Нур" музыкалық қосымшасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1832990-nurkz-redakciasyny-fototilsisi-kalaj-zmys-istejdi/

pixel