Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адам қаза тапты: Алматы-Қорғас тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Опубликовано:

21 желтоқсан күні Алматы - Қорғас тас жолының 193 шақырымында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі бөлімнен тұрған жол-көлік оқиғасының бірі жол полициясы экипажының қатысуымен өтті. Қайғылы жағдай салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram.kazautozhol. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram.kazautozhol. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Оиға MAN маркалы жүк көлігінің соқтығысуы кесірінен басталған. Жүргізуші жүк көлігін басқара алмай, жол ортасындағы қоршауға соғылған. Артынан ол жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетті.

"ҚазАвтожол ҰК"АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайдың мәлімдеуінше, жол апаты орнына жол полициясының қызметкерлері келіп, материал құруға кірісіп кетті.

Тәртіп сақшылары мен жүк көлігінің жүргізушісі қызметтік автода отырған сәтте оларға бар жылдамдығымен келе жатқан өзге жүк көлігі соқтығысқан. Оны өз кезегінде жеңіл көлік соқты.

Алматы облысы полициясының хабарлауынша, қазіргі таңда бес көліктің қатысуымен болған жол апатына қатысты тергеу жұмыстары басталып кеткен. Оқиғаға үш жүк көлігі мен екі жеңіл автоның қатысы бар. Анықталғандай, жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тауып, үшеуі дарақат алып қалды.

ПД мәлімдеуінше, қатысушылар арасында бірінші жол апаты болғанда оқиға орнына келген арнайы мамандандырылған «Хюндай Элантра» көлігі бар.

Жантүршігерлік жағдайда "Тойота Карина Е" көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Олардың ішіндегі 43 жастағы әйел мен 30 жастағы ер адам қаза тапты. Үш адам аураханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметі жол апаты кезінде ешбір тәртіп сақшысы жарақат алмағанын мәлімдеді. Мұндай ақпарат бұған дейән әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Оқиға орнына медицина қызметкерлері, полицейлер және "ҚазАвтожол" барды.

Айта кетейік, бұған дейін жас әнші Айбек Серікхановтың жантүршігерлік жол апатына түскенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1832781-eki-adam-kaza-tapty-almaty-korgas-tas-zolynda-zantrsigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/

pixel