Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Санкт-Петербургке ұшып келді (видео)

Опубликовано:

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург ұшып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Алексей Никольский
Фото: Sputnik / Алексей Никольский: Depositphotos

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдс Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.

Оның сөзінше, тұңғыш президент Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы кеңесінің отырысына және ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бұл халықаралық іс-шараға неге президент емес Елбасы бара жатқанын түсіндіріп өткен болатын.

Берік Уәли хабарламасында өзіне ел президентінің Санкт-Петербургте өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысуына қатысты бірнеше сұрақ қойылғанын атап өтті.

Маманның сөзінше, аталған халықаралық кездесуге Қазақстан атынан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барады. Оның үстіне Елбасы ЕЭО-ның құрметті төрағасы.

Уәлидің айтуынша, Қазақстанда Елбасы мен мемлекет басшысы шетелдік сапарларға бірге аттанбайтын белгілі бір тәжірибе бар.

Одан бөлек, президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, Елбасы тиісті құжаттарды талқылау барысында өз пікірін айтуға құқылы. Құжаттарға қол қою құзыреті президентке тиесілі.

Ал Қасым-Жомарт Кемелұлының 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысына қатысып, сөз сөйлеуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативті кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барған болатын.

Өзбекстанда тұңғыш президентке Орталық Азия мемлекет басшылары консультативті кездесуінің Құрметті Төрағасы дәрежесі берілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1832692-nazarbaev-sankt-peterburgke-syp-keldi-video/

pixel