Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босанғаннан кейін жыныстық өмірді қалай қалпына келтіруге болады

Опубликовано:

Әйел заты тұрмысқа шыққан соң, жар бақытын сезініп, ана атанады. Алайда өмірдің ең қуанышты сәтін жаныңызбен сезінуге тәніңіздегі ауырлықтар кедергі келтіруі мүмкін. Мәселен, келіншектер сәбилі болғаннан кейінгі жыныстық қатынастан қорқып, бас тартып жатады. Осы ретте KAZ.NUR.KZ порталы WomanHit.ru-ға сілтеме жасап, босанғаннан соң интимді қатынасқа түсуге дайындайтын төрт ережені ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сізге уақыт керек

перзентханадан үйге шыққан соң, міндетті түрде гинекологқа қаралыңыз. Ол сіздің қайта қалпыңызға келуіңізді бақылайтын болады. Сондай-ақ, жолдасыңызбен 40 күн бойы мүлдем жақындаспаңыз.

Қанша құштарлығыңыз оянса да, өзіңізді ұстаңыз. Өйткені босану кезінде үлкен стресс алған организміңізге зияныңыз тиіп кетуі мүмкін.

Қынаптың ылғалдылығын бақылаңыз

Босанғаннан кейін эстроген деңгейі қатты төмендеп, оның арты тек күйзеліске ғана емес, қынаптың құрғауына да әкеледі.

Жыныстық қатынас кезінде жарақат алмас үшін су негізінде жасалған сапалы майды алдын ала алып қойыңыз.

Босанғаннан кейінгі алғашқы айларда ылғалдылықтың болмауы қалыпты жағдай. Уақыт өте келе қалпына келеді.

Мүшеқап қолданыңыз

Босанған соң алғашқы жарты жылдықта сізге жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыруға мүлдем болмайды. Өйткені сіздің интимді аймағыңыз әлі де әлсіз күйде. Егер оған қандай да бір вирус жұқтырып алсаңыз, оның арты үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Сіздің бұлшықеттерің өз қалпына келуі керек

Егер сіз табиғи жолмен босансаңыз, онда алғашқы айларды сіздің бұлшықеттеріңіз созылыңқы күйде болады. Алайда бұл алаңдайтындай жағдай емес, уақыт өте келе ол өз орнына келеді, тек сіз соған көмектессеңіз болғаны.

Ол үшін өзіңіздің дәрігеріңізбен ақылдасып, ол сізге вагиналды гимнастиканың нұсқаларын ұсынады. Жаттығуды үзбей жасасаңыз, жылдамырақ қалпыңызға келесіз.

Еске сала кетсек, кеше репродуктолог маман әйелдердің қанша жасқа дейін балалы болғаны дұрыс екенін айтып берді. Маманның сөзінше, 35 жасқа дейін сәби сүю оңай болады. Одан кейін әйел үшін де, оның денсаулығы үшін де қауіпті. Сондай-ақ, келіншектердің жасы ұлғайған сайын оның бала туу қабілеті де төмендемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832644-bosangannan-kejin-zynystyk-mirdi-kalaj-kalpyna-keltiruge-bolady/

pixel