Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде оқ атып, дүрбелең жасаған адамның кім екені анықталды

Опубликовано:

Мәскеуде полицейлер Федералды қауіпсіздік қызметі ғимараты маңында атыс жасаған ер адамның тұлғасны анықтады. Подмосковьяның 39 жастағы тұрғыны өмір бойы карабиннен оқ атумен кәсіби шұғылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Mash арнасының видоесынан кадр
Mash арнасының видоесынан кадр: Facebook

Алдын ала деректер бойынша, шабуыл жасаған 39 жастағы Евгений Манюров болып шықты. Шабуыл кезінде қылмыскер өзімен бірге пышақ пен карабин алып жүрген.

"112" Telegram арнасында ер адамның мамандығы заңгерлік қызметпен байланысты екені айтылған.

Ол елдің жоғары оқу орындарының бірінің заң факультетінде оқыған, сондай-ақ Жоғарғы экономика мектебі студенттерінің тізіміне енгені белгілі болды.

Сонымен қатар, карабиннен оқ атудан жеңімпаз болған.

Бастапқыда бірнеше БАҚ беттерінде шабуылдаушылардың екеу немесе үшеу болғаны хабарланды. "Life Shot" Telegram арнасының ақпарынша, құқық қорғау органдары тек бір адамның оқ атқанын, оның кім екені анықталғанын мәлімдеген.

Қаза тапқан қаскөйдің артында рюкзагы болған. Мамандар аяқ асты жарылыс болады ма деп қауіптеніп, қылмыскердің денесіндегі рюкзакты шешу үшін роботты пайдаланған. Видео "Mash" ғаламтор басылымының "ВК" тобында жарияланған.

Қайтыс болған адамдардың нақты саны белгісіз. Дегенмен кем дегенде бес адамның зардап шегіп, бір жол полиция қызметкерінің алған жарақатынан қайтыс болғаны айтылды.

Алайда кейінірек оның тірі қалғаны туралы ақпарат тарады. "Mash" арнасында аяғынан жарақат алған ер адамды ауруханаға әкетіп бара жатқан видео жарияланды.

Еске сала кетсек, Ресей астанасында 19 желтоқсан күні кешке белгісіз адам Лубянкадағы Федералды қауіпсіздік қызметі ғимараты маңында атыс жасады. Куәгерлердің сөзінше, олар автоматтың атылған дауыстарын естіген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832620-mskeude-ok-atyp-drbele-zasagan-adamny-kim-ekeni-anyktaldy/

pixel