Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талай арудың жүрегін жаулаған Димаш Әділеттің қалыңдығы туралы не білеміз

Опубликовано:

Желі арқылы танылған сері жігіт Димаш Әділет күні кеше ғашығына үйленуге ұсыныс жасап, көпшілікті таңғалдырды. Сымбатты бойдақтар тізімінде көш бастап тұрған желі жұлдызы мыңның ішінен таңдап алған ару ресейлік танымал сәнбике Виктория Одинцова болып шықты. Талай қыздың арманы болған азаматтың жүрегін жаулаған сылқым туралы KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/viki_odintcova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/viki_odintcova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Виктория Одинцова ресейлік қана емес, әлемдік модельдік бизнесте үнемі сұраныстағы сәнбикелердің қатарына кіреді.

Жасы 26-да. Бойжеткен 1993 жылы 15 қараша күні Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген.

24smi.org басылымының жазуынша, бүгінде ол ресейлік Marvin models атты модельдік агенттіктің құрамында жұмыс істейді. Сылқым тек ресейлік қана емес, шетелдік тапсырыстарға жиі шығып тұрады.

Оның дене пішіні мінсіз көрсеткішке ие. Сәнбикенің бойы 173 см және салмағы 55 келі бола тұра, денесі 90х63х92.

Алайда, Виктория мінсіз мүсінге жету мақсатында пластикалық оталарға жүгінгені белгілі болды.

Бойжеткен төсі мен ернін үлкейтіп алған. Оған қоса, ол қасына татуаж жасатып, қара шашын өзге түске бояп тастаған.

Басылымның хабарлауынша, Виктория Одинцова ресейлік шоу-бизнес жұлдызы Егор Кридпен қарым-қатынаста болған. Ол танымал әншінің "Мне нравится" деген әніне түсірілген бейнебаянында басты рөлді сомдады.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Әділеттің сүйіктісіне ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832597-talaj-arudy-zregin-zaulagan-dimas-diletti-kalydygy-turaly-ne-bilemiz/

pixel