Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда әйел адам лифтінің шахтасына құлап қайтыс болды

Опубликовано:

Бүгін Павлодарда күндізгі уақытта қайғылы жағдай орын алды. Жеделсатының шахтасына әйел адам құлап кеткен. Салдарынан ол алған жарақатынан қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: NUR.KZ
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ: Original

Төтенше жағдай Бектұров 109 мекен-жайы бойынша орын алған. Медицина мамандарының хабарлауынша, қаза тапқан әйел 64 жаста болған.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, әйел адам бесінші қабаттағы биіктіктен құлаған. Мұның бәрі подъезде болыпты. Көршілері оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін, жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырыпты.

Оқиға орны. Фото: NUR.KZ
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ: Original

Бастапқыда тәртіп сақшылары аймақты қоршауға алып, ешкімді кіргізбеген. Шамамен бір сағат уақыт өткен соң катафалк келіп, денені көлікке салған.

Осыдан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері куәгерлерден куәлік алуды бастаған.

Медицина мамандарының хабарлауынша, лифтінің шахтасына құлап кеткен әйел сол үйде тұрған. Болған оқиғаның мән-жайын полиция анықтау үстінде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі алдын ала нұсқаны атады. Лифт қабаттар арасында тұрып қалып, көпқабатты үйдің тұрғыны өзі сыртқа шықпақ болуы мүмкін. Алайда лифтіден аман-сау шығу қолынан келмеген. Ақырында ол лифтінің шахтасына құлап, қаза тапқан.

Оқиға орны. Фото: NUR.KZ
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1832550-pavlodarda-jel-adam-liftini-sahtasyna-klap-kajtys-boldy/

pixel