Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының делегациясы Қазақстанға келді

Опубликовано:

2019 жылы 11-желтоқсанда Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының делегациясы мен «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Даюнюс Павалькиспен, «Стоматология» факультеті даканының орынбасары Б.Ж.Аджибаевамен, стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы кафедрасының меңгерушісі А.М.Сумановамен, халықаралық ынтымақтастық және академиялық мобильділік орталығының қызметкерлері арасында ресми кездесу өтті.

Академиялық мобильділік бағдарламасы шеңберінде Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтынан делегацияның келуі
Фото: НАО "МУА": Facebook

Делегация құрамында «Стоматология» факультетінің 3,4 курс студенттері мен балалар стоматологиясы факультеті деканының орынбасары, стоматологиялық аурулар профилактикасы кафедрасының ассистенті Тураев Комил Илхоевич болды. Кездесу барысында шетелдік қонақтар университетіміздің оқу-клиникалық орталығы мен мұражайында болды.

Шетел студенттері академиялық мобильділік шеңберінде «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы кафедрасында «Тіс ұлпасының және перидонттың аурулары» циклі бойынша білім алады.

Осы іс-шара аясында К.И.Тураев «Стоматология» факультетінің 3,4,5, курс студенттеріне «Тістерді көркемдік модельдеу» тақырыбы бойынша мастер класс өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832455-taskent-memlekettik-stomatologialyk-institutyny-delegaciasy-kazakstanga-keldi/

pixel