Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТҮҚКБҚ-дан кепілдік алу үшін қандай талаптарды орындау қажет

Опубликовано:

Үлестік құрылысқа қатысқан кезде әлеуетті үлескерлер бірінші кезекте өз салымдарының қауіпсіздігіне алаңдайды. Өткен жылдардағы тәжірибе үлестік құрылыс әрдайым сәтті аяқталмайтынын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТҮҚКБҚ-дан кепілдік алу үшін қандай талаптарды орындау қажет
Фото: Pixabay.com: Facebook

Алайда, барлық тәуекелдерге қарамастан, қазақстандықтар үлестік құрылысқа белсенді түрде қатысуда.

Бұл таң қаларлық жағдай емес. Себебі, үлестік құрылыстың басты артықшылығы- екінші реттік тұрғын үймен салыстырғанда төменгі баға.

Өздері мен қаражаттарын алаяқтықтан сақтау үшін үлескерлер пәтерді ТҮҚКБҚ -да кепілдігі бар құрылыс салушылардан алғанды құп көреді.

Ал құрылыс салушы кепілдік алу үшін бірнеше нақты талаптарды орындауы қажет.

Құрылыс салушының тұрғын үй құрылысында кем дегенде үш жыл тәжірибесі болуы тиіс. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалаларда 18 мың шаршы метрден және басқа өңірлерде тоғыз мың шаршы метрден кем емес салынған тұрғын үйі болуы тиіс.

Сондай-ақ, құрылыс салушының соңғы екі қаржылық жылда оң капиталы болуы керек.

"Тиісінше, Кепілдік беру қорынан барлық құрылыс салушылар кепілдік ала алмайды. Сондықтан, Кепілдік беру қорының кепілдігі бар құрылыс салушылардан пәтер алған үлескерлер құрылыстың аяқталмай қалуынан қорғанады", -деді Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорында.

Кепілдік беру қорынан кепілдік алу рәсімі құрылыс салушыларға үлкен талаптардың қойылғанын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832448-tkkbk-dan-kepildik-alu-sin-kandaj-talaptardy-oryndau-kazet/

pixel