Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмысқа шыққалы жатқан Мадина Оспанова қызойнағын қалай өткізді (фото)

Опубликовано:

Жақында сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған отандық танымал актриса Мадина Оспанова қызойнағын өткізді. Үйлену тойының қамына кірісіп кеткен кино саласының жас жұлдызына жақын құрбылары естен кетпес керемет кеш ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ospanova.mm. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ospanova.mm. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көңілді кеш кезіндегі суреттермен Мадина Оспанованың өзі Instagram парақшасында бөліскен.

Актриса қалыңдық кешіне ақ көйлек пен фата тағып келсе, оның құрбылары жолбарыс түстес көйлекті таңдаған. Оған қоса, бойжеткендердің әрқайсысының басында өз тәжі бар екенін көруге болады.

Жақында жар атанатын өнер иесі тойды асыға күтіп жүргенін де жасырмады.

"Аз ғана уақыт қалды. Сосын, әйетуір дегенде тұрмысқа шығатын боламын" , - деп жазды танымал ару желіде.

Айта кетейік, Мадина Оспанова Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясынан" кейін танымал бола бастады. Актриса аталмыш туындыда басты рөлдердің бірін сомдаған болатын.

Кино аяқталғаннан кейін өнер иесі сүйіктісімен түскен суреттерін жиі жариялай бастады. Алайда, суреттердің барлығында ол ғашығының келбетін жасырып жүрді. Кейіннен сылқым жүрегін жаулаған жігіт жайлы сырын ақтарып, жақындары оны "ТТТ" деп атайтынын айтты.

Таяуда Мадина Оспановаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, актрисаның "иә" деген жауабын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832436-trmyska-sykkaly-zatkan-madina-ospanova-kyzojnagyn-kalaj-tkizdi-foto/

pixel