Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай гүл бойжеткендердің тұрмысқа шығуына кедергі келтіреді

Опубликовано:

Қыз баласы бойжеткен соң оған "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрақтың жиі қойылатыны бәрімізге мәлім. Бірі өзіне лайықты адамын оңай тауып алса, енді бірінің жолы мүлдем болмай жатады. Осы ретте KAZ.NUR.KZ порталы Sm.news-ке сілтеме жасап қандай гүл нәзік жандылардың тұрмысқа шығуына бөгет болатынын анықтады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қытай розасы

Бұл өсімдікті көпшілік үйін сәндеу үшін өсіреді. Аталмыш гүлдің мықты қозғалыс энергетикасы бар, алайда ол махаббатқа бақытсыздық шақыруы ықтимал.

Егер жас әйел бұл гүлді өзінің үйінде өсірсе, оның өмірінде ер адамдар тез пайда болып, тиісінше тез жоғалып отырады. Бұл гүл жұптардың себепсіз айырылысуына септігін тигізеді.

Қытай розасы. Көрнекі фото: pixabay.com
Қытай розасы. Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Шегіргүл

Күй талғамайтын өсімдік жаман атаққа ие. Тұрмысқа шыққысы келетіндердің бұл гүлді үйінде ұстамағаны абзал. Аталмыш өсімдіктің отбасылық энергетикасы жоғары. Оны бойдақ қыздары бар үйде өсірмеген жөн.

Шегіргүл. Көрнекі фото: pixabay.com
Шегіргүл. Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Кактус

Көпшілік кактусты дау-жанжал мен ұрыс-керіс шақырады, қыздардың отбасылы болуына кедергі болады деп есептейді. Кактус өзіне үнемі жағымсыз энергияны жинайды, осының салдарынан үйде ұрыс-керіс басталады.

Кактус. Көрнекі фото: pixabay.com
Кактус. Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832294-kandaj-gl-bojzetkenderdi-trmyska-syguyna-kedergi-keltiredi/

pixel