Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен түгелдей бас тартқан (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысының Алмалы ауылындағы дүкендерде ішімдік саудасы тоқтатылды. Бұл жайт осыдан 10 жыл бұрын болған. Сол сәттен бастап тұрғындар ащы суды аз тұтынып, олардың өмірі басқа арнаға ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

160-тан астам отбасы тұратын бұл ауылда қанша іздесеңіз де ащы сусындарды таба алмайсыз.

Көптеген жылдар бұрын сауда нүктелері ақсақалдардың ұсынысы бойынша алкоголь сатуды тоқтатып, бұл ауылдағы жағдайға айтарлықтай әсер етті деп жазады Хабар 24.

Түркістан облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, осының арқасында ауылда ішімдік ішетіндердің саны азайып, қылмыстар сиреген.

Таната Амирханов есімді тұрғынның сөзінше, мұндай ұсынысты Елеусін ата тастаған екен. Бұл ой оларға айтарлықтай жақсы болып көрінгендіктен барлығы оны қолдай жөнеліпті. Сол сәттен бері ауылда ішімдік ішетіндердің саны азайған, ал жас буын білек сыбана жұмыс істей бастаған.

Алмалы ауылында екі тараптың арасындағы даулар мен отбасылық жанжалдарды ортаға салып, шешетін ақсақалдар соты бар.

Жергілікті тұрғын Кайрат Калдарбековтың сөзінше, ақсақалдарға, олардың даналығы мен тәжірибелігіне деген сый ауыл өміріне айтарлықтай әсер етеді.

Тағы бір ауыл тұрғыны Елеусін Жастаев оны қолдайды және ауылдағы дүкендерде ішімдік сатуға тыйым салынғаннан кейін ауылда тыныштық орнағанын айтты.

Сөзінше, ұрлық жасау да жойылған. Сол себепті жас отбасылар ажырасуды тоқтатыпты.

Оның пікірінше, мұның бәрі тек жақсылыққа әкеледі, өйткені көптеген қиыншылықтар адамдардың ішімдікке тәуелділігі салдарынан болады.

Билік Алмалы ауылын үлгі тұтады. Олар ақсақалдардың жұмысын қолдап, үлкендермен бірлесе жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832185-trkistan-oblysynda-btin-bir-auyl-isimdikten-bas-tartty-video/

pixel