Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас әнші Айбек Серікханов жантүршігерлік жол апатына түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Жас әнші, жақында ғана "Жыл таңдауы" байқауында топ жарған Айбек Серікханов 15 жастағы қарындасы Алуамен бірге жантүршігерлік жол апатына түсті. Түнде туыстарының тойынан қайтып келе жатқан Айбек пен қарындасын қарсы бетке шығып кеткен бұрынғы полиция қызметкері соққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Айбектің жақын досы Лаура Махамбетова айтып берді.

Фото: Жеке мұрағат, KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағат, KAZ.NUR.KZ: Original

Оқиға 14 желтоқсаннан 15-не қараған түні болған. Айбек Серікханов өзінің Huyndai Getz көлігімен туыстарының тойынан шығып, қаладағы үйіне бет алған. Өтеген батыр кентінен қалаға жақындап қалған тұста оның көлігін қарсы жолаққа шығып кеткен Mercedes соғады. Жол апатынан Айбек те, қарындасы Алуа да ауыр жарақат алған.

«Айбек өмірде өте мейірімді, ешкімге жамандық тілемейтін, теріс қылықтардан мүлдем аулақ жігіт. Ол, тіпті, көшедегі қараусыз ит пен мысыққа да жаны ашитын, лажы болса, иесін тауып, апарып беретін жан. Ол ешқашан темекі шегіп, ішімдікті аузына алған емес. Ата-анасының тәрбиесі болар, өмірде нақты принциптермен жүреді. Әсіресе, әкесінің айтуымен жол ережесін қатты сақтайды. Сол түні Айбек қарындасы Алуамен келе жатқанда, қарсы беттен шыға келген көлікпен соқтығысады. Бұларды соққан басқа емес, бұрынғы полиция қызметкері! 1973 жылы туған Мұхтар Шондыбаев есімді азамат араққа сылқия тойған күйі көлігімен қарсы беткен шығып кеткен! Алланың қалауымен адамдар аман қалды. Бұл екі бірдей баласынан айырылып қала жаздаған ата-анасына ауыр соққы болды. Себебі, жол апатынан кейінгі көліктердің суреті мен видеосын көріп, Айбек пен Алуаның аман қалғанына шүкіршілік еттік. Оларды бір Алла сақтап қалды. Біз әлі ес жия алмай жүрміз», - дейді Лаура.
Лаура мен Айбек. Фото: Жеке мұрағат
Лаура мен Айбек. Фото: Жеке мұрағат: Original

Көлік қатты соқтығысқан соң Айбек пен Алуа бірнеше секунд бойы ес-түссіз жатқан.

«Бәріміз түнімен аурухана жағалап жүрміз. Айбектің мұрны тұтастай сынып кеткен, сол жақ көзі өте нашар көруде. Жабық-ми жарақатын алған. Сондай-ақ, денесі мен иегінде соққы іздері өте көп. Айбектің айтуынша, ол жол апаты кезінде есінен танып қалған. Ал оянған сәтте қарындасы Алуаның қолдары рульдің ортасында қысылып жатыр екен. Қатты қорыққан ол Алуаны ояту үшін айғайлай берген. Қуанышқа қарай, сәлден соң қарындасы Алуа көзін ашады. Бірақ ол да өте ауыр жарақат алған.  Алуаның қолы шығып кетіпті», - дейді Лаура Махамбетова.

Жол апатынан кейін жарақат алғандар тегіс ауруханаға жеткізілген. Mersedes көлігінің жүргізушісі Мұхтар Шондыбаевтың да жарақаты көп. Бірақ жол апатын тудырған Шондыбаев пен оның туыстары кешірім сұрауға жарамай отыр.

Фото: Куәгерден. NUR.KZ
Фото: Куәгерден. NUR.KZ: Original
«Айбек Серікхановтың ата-анасы алғашында балаларының аман қалғанына шүкір етіп, қарсы тарапқа көп мән берген жоқ. Алайда, жол апатына кінәлі Мұхтар Шондыбаевтың әрекеті ашу шақырады. Ол кешірім сұраудың орнына, ауруханаға келген беттен бастап айналасындағы адамдарды балағаттап, ойына келгенін айтуда. «Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады» дегенді сол кісіге арнап айтса болады. Біреудің өмірін жалмай жаздағаны үшін, ішімдікке тойып алып көлік айдағаны үшін, тіпті, өрескел ереже бұзушылық болып саналатын тармақ –қарсы жолаққа шығып кеткені үшін қысылып отырған жоқ.  
Оның рульге мас күйінде отырғаны ресми түрде анықталды. Қолымызда оқиғадан кейін алынған сынамалардың нәтижесі бар. Онда Mersedes жүргізушісі Мұхтар Шондыбаевтың екінші дәрежеде алкоголь пайдаланғаны жазылған. Сонымен қатар, оның бұрын Іле аудандық полиция департаментінде қызмет атқарғанын анықтадық.  Полиция қызметкерлері бізді қорғаудың орнына, араққа сылқия тойып, біреудің өміріне қауіп төндіруде! Әлгі Шондыбаевтың әйелі де жүр қасында. Бір үйдің аялап отырған екі баласына зақым келтіргенімен шаруалары жоқ. Кешірім сұрау былай тұрсын, екі баланың жағдайын да сұрамайды. Мұндай адамдар заңмен жазалансын!», - дейді ашынған бойжеткен.
Фото: Жеке мұрағат
Фото: Жеке мұрағат: Original

Бүгінде жас әнші Айбек Серікханов №4 қалалық ауруханада жатыр. Жақын арада Айбектің мұрнына ота жасалуы қажет. Алайда, ми жарақатына байланысты дәрігерлер отаны кейінге қалдырып отыр.

Фото: Куәгерден. NUR.KZ
Фото: Куәгерден. NUR.KZ: Original
«Шынымды айтсам, бұрынғы полиция қызметкерінің мұндай сорақылығы миыма сияр емес. Бір үйдің екі бірдей баласы Алланың қалауымен аман қалды. Екі машинаның сау тамтығы қалмаған. Болашаққа жоспары көп, жастар арасында танымал болып, үлкендердің батасын алып жүрген әнші Айбек мас күйінде көлік айдаған адамның кесірінен аурухана төсегіне таңылуда. Бұл үлкен сынақ екені сөзсіз. Бірақ ішімдік ішкен күйінде рульге отырып, талай адамдардың өмірін ойран қылған жүргізушілерге жазаны күшейту қажет! Біз осы жол апатына кінәлі Мұхтар Шондыбаевтың әділ жазалануын талап етеміз!», - дейді әншінің жақын досы Лаура.
Фото: Куәгерден. NUR.KZ
Фото: Куәгерден. NUR.KZ: Original

ЕСКЕРТУ! ВИДЕОДА БЕЙӘДЕП СӨЗДЕР БАР!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832088-zas-nsi-ajbek-serikhanov-zantrsigerlik-zol-apatyna-tsti/

pixel