Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандық келіншек 25 жыл іздеген анасын ресейлік бағдарламадан тауып алды (видео)

Опубликовано:

Қырғызстанның Нарын облысында тұратын Мавлюда Тохтакунова есімді келіншек ресейлік бағдарламалардың бірін көріп отырып, 25 жыл бойы іздеген анасын тауып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Пусть говорят" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Пусть говорят" бағдарламасының видеосынан кадр
"Пусть говорят" бағдарламасының видеосынан кадр: Facebook

Белгілі болғандай биылғы қараша айының соңында "Пусть говорят" бағдарламасы Подмосковья орманында тұратын 51 жастағы Марина есімді әйелді көрсетеді. Оның айтуынша, Арменияда 1988 жылы болған жер сілкінісінен соң Марина анасынан айырылып, жақсы өмір сүру мақсатында елден кетуге мәжбүр болған. Алайда сол оқиғадан кейін 25 жыл уақыт өтсе де Марина орманда иттермен бірге күн кешеді.

Шоудың алғашқы бағдарламасында оған Армениядағы туыстарын табуға көмектесіп, құжаттарын рәсімдеуге уәде берген. Алайда бірнеше күннен кейін Марина қайтадан бағдарламаның басты кейіпкері болады.

Бұл жолы оны басқа туыстары, Қырғызстаннан табылған. Олардың сөзінше, Марина 1988 жылы Қырғызстанда тұрған. Сол кездегі жас қыз өзінің болашақ күйеуі Бахтияр Тохтакуновпен танысады. Марина өзін Азнив деп атаған.

Бахтияр мен Азнив үйленеді, екеуінің Мавлюда есімді қызы дүниеге келеді. Алайда Азнив күйеуі ұрған соң бір жылдан кейін баланы енесіне тастап, өзі кетіп қалған. Содан бері әйелді ешкім көрмепті. Ал Бахтияр 10 жыл бұрын қайтыс болған.

Мавлюда шоуға келген сәтте Марина-Азнив қызын мойындамай қойды.

"Анашым... Бұл мен Мавлюда. Мені неге тастап кеттің, анашым? Алтыным менің, мен Мавлюдамын. Мені есіңе түсірші... Мен сені жақсы көремін, анашым. Сені қанша іздедім", - дейді Мавлюда анасына.

Алайда Марина-Азнив туған баласымен кездесуіне қатысты ешқандай пікір айтпаған. Олардың туыстық қарым-қатынасын растау үшін арнайы ДНҚ сараптамасы да жүргізілген. Ал оның нәтижесі Марина-Азнив пен Мавлюда "анасы мен қызы" екендігін растап отыр.

Мавлюда егер өзі қаласа анасын үйіне алып кетуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда 51 жастағы әйел бұл ұсыныстан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831715-kyrgyzstandyk-jel-25-zyl-izdegen-anasyn-resejlik-bagdarlamadan-tauyp-aldy-video/

pixel