Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы: Ақтөбенің жетістікке толы 7 жобасы

Опубликовано:

2019 жыл Ақтөбе облысы үшін жетістікке толы жыл болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында талай ірі жобалар атқарылды. Білім, мәдениет, спорт төңірегінде де жеткен жетістіктер мен алынған асулар аз емес.

Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі: Depositphotos

Алтын адам. Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ақтөбе өңірінен табылған «Алтын киімді көне ескерткіш» – бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды. Аумақтағы қазба жұмыстарын Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде табылған қабірдегі адамның киімі алтынмен жалатылған. Қабірде жылқы да көмілген, оның ер-тұрман әбзелдері де бағалы металмен қапталған. Табылған заттар арнайы мамандарға зерттеуге жіберілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы. Акция аясында Ақтөбеде 2019 жылы жерлес-меценаттар көмегімен бюджеттен тыс жалпы құны 1 млрд. 371 млн. 175 мың теңгеге 607 жоба жүзеге асырылды.

Ақтөбе қаласында орнатылған Жалаңтөс Баһадүр ескерткішінің қаржы көлемі – 110 млн. теңге, Бөкенбай батыр ескерткішінің құны - 90 млн. теңгені құрады. Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылында 70 млн.теңге көлеміндегі қаражатқа Жағалбайлы руынан шыққан Сәрке батырға арналған ескерткіш орнатылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік-маңызды ірі жобаларға тоқталар болсақ, «TransMostGroup» ЖШС басшысы Т.Таңатаров Ақтөбе қаласында жерасты өткелін салды, жоба құны 60 млн. теңгені құрайды. «Спарта и Ко» ЖШС басшысы М.Сәңкібаевтің демеушілігімен 16 млн.теңге қөлеміндегі қаражатқа «Жер шары» нысаны ашылды. Сонымен қатар, биыл белсенділік көрсеткен меценаттар, кәсіпкерлер және еріктілер «Жомарт жүрек» медалімен марапатталды.

«Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдебиет форумы. Ақтөбеде ұйымдастырылған «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдебиет форумы Қазақстан жазушылар одағының 85 жылдығына арналды. Сонымен қатар, өңірдің жазушылары - Ізтай Мәмбетов, Тобық Жармағамбетов және Сағи Жиенбаевтардың еңбектерін терең зерттеу насихатталып, бірқатар шаралар өтті.

«Ақтөбе кітапханасы» жобасы қайта жалғасып, кітаптар сериясы 27 томнан 50 томға жетті. Жоба «Парыз» қоғамдық қоры есебінен меценаттық негізде 52 млн.теңгеге жүзеге асырылды. «Жауқазын» сериясымен ақтөбелік 10 жас қаламгердің кітабының тұсаукесері болды.

Университет жобалары. Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай «Жұбановтан Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырып, Ақтөбе-Нұр-Сұлтан-Павлодар-Семей-Жидебай-Қарағанды-Баянауыл-Қарқаралы бағытындағы киелі жерлерінде болып қайтты. Сондай-ақ, «Жұбанов керуені» кәсіби бағдар беру бағдарламасы, «Балалар университеті» секілді бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі: Depositphotos

С.Бәйішев ат. Ақтөбе университетінде «Ұлы даланың ұлы есімдері: Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі» және «Ер Едіге және ХХІ ғасырдағы қоғамдық сана» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялары болып өтті.

Тәрбие және білім. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ақтөбе облысы білім саласының дамуына серпін беріп, қоғам талабымен үйлесім тапты.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен өткізілген «Тұлпар мініп ту алған» байқауы, кітап оқу мәдениетін арттыру және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттау мақсатында «Кітап оқып, рухани бай бол!» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

«ДимашАли» продюсерлік орталығы және Ақтөбе қалалық әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған «Baqytty bala» ашық вокалдық балалар фестиваль-байқауы екінші рет өткізілді, жүлде қоры — 2 миллион теңге.

«Мемлекеттік тілдің латын графикалық жүйесіне көшу» арнайы жобасы аясында «Aqyldy álipbı» мобильді қосымшасы іске қосылды. Google Play-ден төмендегі сілтеме арқылы «Aqyldy álipbı» қосымшасын тауып, тегін жүктеп алуға болады:

https://play.google.com/store/search?q=Aqyldy%20%C3%A1lipb%C4%B1&c=apps.

Сондай-ақ, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің тұңғыш графикасындағы өнімдері – «Білімді балақай» балаларға арналған өлеңдер жинағы және «Жазылым» жаттығулар жинағы баспадан шықты.

Заманауи қазақстандық мәдениет. Ұлттық мәдениетімізді шет елде насихаттап, халықтар арасындағы өзара рухани-мәдени байланыстарды насихаттау мақсатымен өңірдің мәдениет мекемелері гострольдік сапармен Кипрдің Никосия, Украина елінде, Одесса қаласында, Бельгия корольдігі Брюссель, Люксембург РФ Татарстанның Буа, Орынбор, Мәскеу қалаларына барды.

Мәскеуде өткен «Көшпенділер» картиналар көрмесі қазақ елінің көшпенділер мәдениетін көрсету және мүсін өнерін насихаттау мақсатында Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен өткізілді. Көрмеде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ғабдрахманов Мараттың «Көшпенділер» шағын формадағы мүсіндерінің және белгілі жазушы Рауль Мир-Хайдаровтың картиналар топтамасы өнер сүйер қауымға ұсынылды.

Киелі Қазақстан. Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз.

Ақтөбе облысындағы Жаманшың кратерін қорғау, геопарк құру, ғылыми-зерттеу және іс-тәжірибе алмасу орталығына айналдыру мақсатында жергілікті бюджеттен жалпы құны 17 млн. теңгеге Жаманшың метеорлы кратеріне Халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылып, ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Ақтөбе облысы аумағында тарихи және мәдени, халықтық сәулет ескерткіштерін далалық жағдайда зерттеу мақсатында «Ойыл-Қиыл өзендері, Солтүстік Арал маңы, Жем-Сағыз өзендері бойындағы және Доңызтау–Үстірт аймағының тарихи мәдени ескерткіштерін этносфера–этнографиялық тұрғыда кешенді ғылыми-зерттеу» экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедицияның жалпы құны - облыстық бюджеттен 16млн 400 мың теңге. Жоба нәтижесінде екі кітап-албом шығарылды.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратында «Қазақ хандығы», «1869-1940 жж. Өлке тарихы», «Ерлік пен Даңқ», «1945-1991 жылдардағы Ақтөбе өлкесінің тарихы» және «Тәуелсіздік жолымен» экспозициялық залдары ашылып, 3D виртуалды форматта жаңартылды.

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы Ақтөбе облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне бірегей және жекелеген QR-кодтар орнату жұмыстарын жүргізді. Облыс бойынша барлығы 47 ескерткішке, оның ішінде қала аумағындағы 33 ескерткішке, аудан аумағындағы 14 ескерткішке бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды. QR-код тақтайшалары тарих және мәдениет ескерткіштерінің қасбетіне, қорғау тақтайшаларына және арнайы жасақталған тіреулерге орнатылды.

Қазіргі таңда бағдарламаны жүзеге асыру бойынша өңірде мазмұнды да ауқымды жұмыстар атқарылып, оң бағасын алып отыр. Барлық бағытты қамтыған іс-шаралар өңірдің дамуындағы барлық салалармен біте қайнасып жүзеге асырылуда. Алдағы 2020 жылда да республикалық, облыстық деңгейде өткізілетін көлемді жұмыстар жалғасын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831670-ruhani-zagyru-bagdarlamasy-aktbeni-zetistikke-toly-7-zobasy/

pixel