Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда ерекше шырша Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Опубликовано:

Жапонияның Морияма қаласында көз таратар сұлулығы бар 30 метрлік шырша қойылып, бірден Гиннес рекордтар кітабына енді. Алайда әйгілі кітапқа енуге оның биіктігі емес, ойыншықтары себеп болыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Ерекше шырша Гиннес рекордтар кітабына енді
Фото: 120.su: UGC

Биіктігі 30 метрге дейін жететін мерекелік шырша рекордтар кітабына ерекше ойыншықтары үшін еніпті.

Басылымның жазуынша, қала басшылары балаларға жарық шағылыстыратын тақтайша беріп, сол жерге өз армандарын жазуды сұрапты.

Ерекше шырша Гиннес рекордтар кітабына енді
Фото: 120.su: UGC

Дәл осы тақтайшалар рождестволық шыршаны ерекше ете түскен екен.

Ал Гиннестің төрешілері олардың санын есептеп, шыршаға 51626 тақтайша ілінгенін анықтаған.

Айта кетейік, балалардың арманы жазылған тақтайшалар мерекеден кейін қайта жиналып, жәшікке салынатын болады. Олардың армандары жылдар бойы сақталмақ.

Естеріңізіге сала кетсек, елімізде басты шыршаның қай жерде және қай күні жағылатынын бұған дейін хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, дәстүр бойынша салтанатты шара 18 желтоқсан күні елордадағы ЭКСПО аумағында өтеді.

Ерекше шырша Гиннес рекордтар кітабына енді
Фото: 120.su: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831633-zaponiada-erekse-syrsa-ginnesti-rekordtar-kitabyna-endi-foto/

pixel