Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Опубликовано:

Әлем халқын ғажайып үнімен таңғалдарып келе жатқан әнші Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды. Өнер иесіне бұл атақты беру ұсынасын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: Depositphotos

Агенттік мәліметінше, "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағы барлығына 10 адам ұсынылып, төртеуі лайықты деп танылған.

Олардың арасында қазақтың талантты ұлы, сол өңірдің тумасы Димаш Құдайберген, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин бар.

Айта кетейік күні кеше ерекше дауысымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында америкалықтарды тамсандырған Димаш Құдайберген 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдаған.

Әнші еліміздегі "Байқоңыр дауыстары", "Жас қанат", Украинадағы "Восточный базар", "Славянский базар" байқауының жеңімпазы.

2014 жылы "Дарын" мемлекеттік сыйлығын алған.

2015 жылы "Жыл әншісі" болып, 2016 жылы "Эстрада әртісі" сыйлығын иеленді.

Ал 2017 жылы Қытайда өткен I am a Singer байқауында екінші орын алып, күллі әлемге танылса, биыл Ресейде "Жыл әншісі" атанды.

Сондай-ақ, таяуда ғана Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинация бойынша жеңіске жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831487-dimas-kdajbergen-aktbe-oblysyny-krmetti-azamaty-atandy/

pixel