Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынастың қатерлі дертке шалдықтыратыны рас па

Опубликовано:

Ғалымдар жыныстық қатынас ағзада қатерлі дерт жасушаларының белсенді "өмір сүруіне" себеп болуы мүмкін деген болжамды айтып отыр. Олар тіпті обыр ауруының вирусы жыныстық қатынасқа түскен сәтте жұғуы мүмкін дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ volkovysk.by-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Зерттеушілердің айтуынша адам папилломасы вирусы мен жатыр түтікшесі обырының дамуымен байланысты екенін ғалымдар бұрыннан-ақ дәлелдеп қойған.

Олардың сөзінше адам папилломасы вирусы сауаналамға қатысқандардың 44%-ынан шыққан. Олардың тек 26%-ы ғана аурудың жыныстық қатынаспен де жұғатыны жайлы білетін болып шыққан.

Сонымен бірге зерттеуге қатысқандардың арасында ер адамдарға қарағанда, әйелдердің аталмыш вирус бойынша хабары көп болып шыққаны белгілі болған. Осылайша адам папилломасы вирусы жатыр түтікшесінің обыры дертіне әкеп соқтыруы мүмкін деген мәліметті әйелдердің 39%-ы, ал ерлер арасында бес адамның ішінде тек біреуі ғана білетін болып шыққан.

Ал аталмыш ауру ерлердің жыныс мүшесі арқылы тарайтыны туралы ақпаратты тек ерлердің 15%-ы ғана, ал әйел адамдардың 17%-ы ғана білетіні анықталған. Ал бұл ақапаратты білетіндер бар жоғы 13%-ды құраған.

Өкініштісі папиллома вирусын емдеу күні бүгінге дейін мүмкін емес екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831458-zynystyk-katynasty-katerli-dertke-saldyktyratyny-ras-pa/

pixel