Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы жылы қазақстандықтар Google-ден не туралы көп іздеген

Опубликовано:

Google компаниясы қазақстандықтардың бір жыл ішінде желіден нені көп іздегенін анықтап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан тұрғындары арасында "Тақтар таласы" телехиякасының 8-маусымы жоғары сұранысқа ие болған. Дәл осы туындыны қазақстандықтар көп іздеген.

Сондай-ақ, топ-10 қатарына қазақша-орысша аударма, континенталды хоккей лигасы, "Кек алушылардың" соңғы бөлімі, "Ветреный" телехикаясы және "ИП Пирогова" кірген.

Қазақстандық желі қолданушылары іздеген адамдар арасында, Юлия Началова, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Зеленский, Жанар Хамитова, Децл, Әміржан Қосанов, Алла Вербер мен Билли Айлиш бар.

Ал кинфильмдер арасында "Кек алушылар. Финал", "Арыстан патша" және "Джокер" танымалдылыққа ие болған. Одан бөлек, ел тұрғындары "Аквамен", "Как приручить дракона 3", "Оно 2" және "Капитан Марвел" сынды ленталарға қызығушылық танытқан.

Үздік телехикаялар қатарына “Ветреный”, “Жестокий Стамбул”, “Любовь напоказ”, “Чернобыль”, “ИП Пирогова”, "Острые козырьки" туындылары енген.

"...дегеніміз не?" деген сауал қою барысында қазақстандықтар құяң туралы білгісі келген. Оның артынан “VPN” мен “Эпитетті” көп іздеген. Одан бөлек, желідегілерді снюс, хобби, кейіптеу, анимизм, постер, ұйқы сал ауруы және жасанды интеллект деген ұғымдар қызықтырған.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың көбісі интернет арқылы сауда жасаған. Темір жол билеті, FlyArystan әуе компаниясының әуе билеттері, киноға және "МЮ-Астана" матчына билеттер - көп ізделгендер қатарына кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831423-osy-zyly-kazakstandyktar-google-den-ne-turaly-kp-izdegen/

pixel